СЕЙІТОВ САҒЫНҒАЛИ

(1917-2007)

 

Ақын, әдебиетші, филология ғылымының кандидаты Сейітов Сағынғали 1917жылы 20 қарашада Орал облысы, Ақжайық ауданы, «Өлеңті» кеңшарында дүниеге келген. 1937 жылы Орал су транспорты рабфагын, 1941 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін тамамдаған.

1941–1947 жылдары  Кеңес Армиясы қатарында әскери қызметте болған. Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысқан. Соғыстан кейін Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының ғылыми қызметкері, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің нұсқаушысы, Қазақстан Мемлекеттік көркем әдебиет баспасының директоры, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері болып істеген. Филология ғылымының кандидаты.

Сағынғали Сейітовтің тырнақалды өлеңі 1936 жылы Оралдың облыстық газетінде жарияланған. Тұңғыш жинағы – «Большевиктер» 1951 жылы жарық көрген. Содан бері қазақ, орыс тілдерінде қырықтан астам кітабы басылып шыққан. Оның ішінде «Жолдас жүректен» (1953), «Ортақ ой» (1956), «Бетпе-бет» (1959), «Өрден өрге» (1963), «Жаңғырық» (таңдамалы, 1967), «Жолдас уақыт» (таңдамалы, 1977), «Сәулет» (1988), «Серпер» (1994), «Сеңгір» (1997), «Самғау» (2001), «Майдангер көзімен» (2005) атты жыр жинақтары бар.

Бірқатар оқулықтар және «Қырық жылда» (1957), «Әдебиеттер достығы» (1965), «Қазақ поэзиясындағы Маяковский дәстүрі» (1966), «Тоғысқан толқындар» (1974), «Туысқандық туғызған» (1979), «Өлең өлкесінде» (1984), «Пушкин лирикасын қазақ тіліне аудару дәстүрі» (1985) атты монографиялар мен әдеби зерттеулердің авторы.

Сағынғали Сейітов Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

 

Әдебиеттер:

Сейітов С. Қырық жылда: әдеби очерк.- Алматы: Қазмемкөрәдебас, 1957. — 302 б.

Сейітов С. Сенем саған: өлеңдер. — Алматы: Жазушы, 1971. — 75 б.

Сейітов С. Тоғысқан толқындар: зерттеулер, мақалалар. — Алматы: Жазушы, 1975. — 204 б.

Сейітов С. Жолдас уақыт: таңдамалы. — Алматы: Жазушы, 1977. — 408 б.

Сейітов С. Туысқандық туғызған: зерттеулер мен мақалалар. — Алматы, 1979.-304 б.

Сейітов С. Төлтума: өлеңдер. — Алматы: Жазушы, 1980. — 143 б.

Сейітов С. Өлең өлкесінде: мақалалар мен зерттеулер. — Алматы: Жазушы, 1984. — 256 б.

Сейітов С. Өлең өлкесінде: мақалалар мен зерттеулер. — Алматы: Жазушы, 1984. — 256 б.

Сейітов С. Пушкин лирикасын қазақ тіліне аудару дәстурі. — Алматы: Ғылым,1985. — 169 б.

Сейітов С. Серпер: өлеңдер.-Алматы: Шабыт, 1994. — 256 б.

Сейітов С. Сеңгір: таңдамалы.- Алматы: Білім, 1997. — 208 б.

Сейітов С. Самғау: таңдамалы. — Алматы: Ғылым, 2001. — 488 б.

Сейітов С. Майдангер көзімен. — Алматы: Санат, 2005. — 208 б. — (Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 60 жыл)

Сейітов С. Шығармалары: Т.1.- Алматы: Ана тілі, 2007. — 304 б.

Сейітов С. Таңдамалы: лирикалық өлеңдер. — Алматы : Қаламгер, 2018. — 380 б.

*****

Сейітов Сағынғали: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. — Алматы, 2002. — Б. 466.

Сейітов Сағынғали: өмірдерек // Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст.: С.Қамшегер, Қ.Жұмашева. — Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. – Б. 356 — 357.