Теректі ауданы — Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы Батыс Қазақстан облысы құрамында 1933 жылы құрылды. Әкімшілік орталығы — Фёдоровка ауылы, облыстың орталығы — Орал қаласынан 46 км. жерде орналасқан. Ауданның аумағы — 8.4 мың кв.км., Батыс Қазақстан аумағының 5.6 % бөлігін құрайды.

Аудан аумағы Орал өзенінің сол жағалауында, облыстың солтүстік — шығыс бөлігінде орналасқан. Ауданның солтүстік шекарасы Орал өзені, батысы Орал қаласы жерлері, шығысы Бөрлі ауданы жерлері және оңтүстігі Сырым және Ақжайық аудандары жерлері.

Ауданның әкімшілік — аумақтық бөлінуі:

— ауылдық округтер — 18

— ауылдық елді мекендер — 58

1.01.2009 жылға ауданның тұрғындар саны — 41035 адам болды.

Топырақ — климат қорын және ауыл шаруашылығының бәсекеге төтеп беретін жағдайын есепке ала отырып аудан аумағы екі табиғаттық — экономикалық кеңістікке бөлінген: ауыл шаруашылық кеңістік — далалық дәнді дақылдық — мал шаруашылығы (ауданның солтүстік бөлігі,онда бонитет балы 20 дан 36 ға дейін қара — каштанды және каштанды топырақ таралған); ауылшаруашылдық кеңістік — сырталды, малшаруашылық — дәнді дақылдар аумағы (ауданның оңтүстік бөлігі, онда бонитет балы 16 дан 28 ге дейін болатын ақшыл — каштанды топырақ таралған).

Аудан аумағында Батыс Қазақстан облысындағы ең үлкен Шалқар көлі (360 ш.км.) орналасқан.