• Жұмыс кестесі: Сс-Жс 9:00 дaн 19:00 дейін
  • hams bg

    Хамза есімі берілген

    1975 жылы бастап Теректі ауданына қарасты Шалқар ауылындағы мектеп Хамза Есенжановтың атымен аталады.

    1976 жылы Алматы қаласындағы көшеге Алматы қаласы атқару комитетінің №33 шешімімен қазақтың көрнекті жазушысы Хамза Есенжановтың есімі берілген.

    1996 жылдан бастап Теректі ауданына қарасты Сарыөмір ауылы Хамза Есенжановтың атымен аталады.

    2016 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №827 қаулысымен Батыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасына Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет белгісі» және «Еңбек Қызыл ту» ордендерінің иегері, танымал жазушы Хамза Ықсанұлы Есенжановтың есімі берілді.

    Орал қаласында Х.Есенжанов атындағы көше бар.

    keyboard_arrow_up