Жеңісұлы, Е. Шуақ [Мәтін] : өлеңдер мен әңгімелер / Е. Жеңісұлы ; Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министірлігінің «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру бағдарламасы Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді. — Алматы : ҚАЗақпарат, 2017. — 240 б.

Ақын Есей Жеңісұлының бұл жинағына автордың заман тынысын, уақыт лебін сездіретін сыршыл да ойшыл өлең-жырлары және бір топ әңгімелері еніп отыр.

Жас болса да өзіндік қолтаңбасы қалыптасып қалған қаламгердің туындылары дәуірге үн қосып, шыншылдығымен, шынайылығымен ерекшеленеді. Жинақ әдебиетті қадірлей білетін қалың оқырман қа- уымға арналған.

Өтен, А.Шығармалары [Мәтін] : үш томдық / Ө. Ахмет. — Астана : Фолиант, 2017. -2 том : Шақшақ шерлі : әңгімелер мен аудармалар. — 2017. — 592 б.

Жазушы шығармаларының екінші томына қырыққа жуық әңгімесі мен аудармалары еніп отыр. Онда мезгіл жағынан жарты ғасырдан астам уақыт қамтылып, студент, шахтер, құрылысшы, шопан, балықшы, мұғалім, шенеунік, қуғын-сүргін құрбаны, жауынгер солдат, депутат сынды қоғамдық ортада алуан түрлі орны бар адамдар өмірінен сыр шертіліп, солардың әр қилы тағдырлары арқылы әр түрлі саяси-әлеуметтік ахуалды бастан кешкен еліміздің бүкіл тіршілік тынысының кең панорамасы жасалған. Сонымен қатар әңгімелерде ұлт тағдыры, елдік мәселелер де козғалады

Құлыяс, Т.Таңдамалы [Мәтін] : үш томдық / Т. Құлыяс ; ред. Ш. Оразбаева. — Астана : Фолиант, 2017. -Том 3 : Деректі хикаяттар / Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министірлігінің  «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру бағдарламасы Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді. — 2017. — 416 б.

Белгілі жазушы, сатирик, архив зерттеушісі Т. Құлыяс бұл кітабында халқымыздың басынан өткен аштық, қуғын сүргіннің ауыр зардабын, сталинизмнің қанды қасабын құнарлы тілмен, бұлтартпас құжаттармен шынайы баяндаған.

Мұртаза, Ш. Таңдамалы [Мәтін] : әңгімелері, хикаяттары, мақалалары, роман, пьесалары / Ш. Мұртаза ; құраст. А. Мұртаза ; жоба жетекшісі Қ. Ботбай ; ред. Ә. Оспан ; Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министірлігінің  «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру бағдарламасы Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді. — Алматы : Айғаным, 2017. — 1116 б.- (Әдебиет әлемі).

Қазақ әдебиетіне Сәбит, Ғабит, Ғабиден бастаған алыптар шоғырының ізін ала келген үркердей топтың көрнекті өкілдерінің бірі, белгілі көркемсөз шебері, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның бұл жинағына әңгімелері, хикаяттары, драмалық туындылары, бірді-екілі романдары еніп отыр «Әдебиет — ардың ісі» дегендей, бүкіл шығармашылық ғұмырында жазу өнеріне соншалықты жауапкершілікпен, ыждағаттылықпен қарап көркемдіктің биік шыңын бағындыра білген айтулы қаламгердің туындылары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылды десек, артық айтқандық емес. Көркем шығармашылықты жемісті қоғамдық қызметімен ұштастыра білген автордың азаматтық болмысы, парасат-пайымы еліміз тәуелсіздік алған кезеңде жарқырай көрінді.

Бозоқ аруы [Мәтін] : танымдық-көпшілік басылым / құраст.: Ш. Бейсенова, Ж. Әскербекқызы. — Астана : Фолиант, 2017. — 208 б. — (Ұлы дала арулары).

«Ұлы Дала  Арулары» топтамасымен шығып отырған екінші кітап — «Бозоқ аруы» аталады. Жинақ екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде археологиялық қазбадан табылған айымдар, сондай-ақ әйел-ана балбал мүсіндері туралы мәліметтер фольклорлық мұрамен сабақтастырыла қаралып, танымдық, ақпараттық баян түрінде ұсынылған. Екінші бөлім ұлт тарихынан ерекше орын алып, ел жадында сақталған әулие аналар өмірінен сыр шертеді.

Сыдықов, Е. Әнет баба: ғұмыры мен заманы [Мәтін] / Е. Сыдықов, Ж. Артықбаев ; ред. Ф. Тобашалова. — Астана : Фолиант, 2017. — 256 б. — Әдебиеттер мен дерек көздері: 241-249 б.; Қосымшалар: 250-253 б.

Бұл кітап хандық дәуірінде жасаған, қазақтың әрі би, әрі ғұламасы, Орта жүздің ел ағасы болған атақты Әнет баба туралы. Мұндағы деректер мен мағлұматтар өте көне кезеңдерден бастау алып, ХVIII ғасырдың басындағы күрделі саяси жағдайларды сипаттаумен аяқталады. Кітапқа Ұлы дала тарихында айрықша із қалдырған, шиеленісті дәуірдің қиын да қызықты саяси мәселелерінің басы — қасында көрінетін, көп жағдайда үлкен жауапкершілік көтерген ірі тұлғалар арқау болды.

Назарбаев, Н.Ә. Тәуелсіздік дәуірі [Мәтін] / Н. Ә. Назарбаев ; корректор: Н. Әшімбаева, Г. Аймұхамбетовав ; Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министірлігінің «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру бағдарламасы Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді. — Алматы : ҚАЗақпарат, 2017. — 508 б. — Тұжырым тәуелсіздік кезеңдері б. 489-500; 1991-2017 жылдардағы тәуелсіз Қазақстан: 33 басты нәтиже б. 500-506.

Қазақстан республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Тәуелсіздік дәуірі атты бұл кітабы тарихи публицистика жанрында жазылған, ол еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады.

Аккулы, С. Алихан Букейхан. Собиратель казахских земель [Текст] / С. Аккулы ; Евразийский национальный университет им. Л. Н. Гумилева, Институт культуры и духовного развития «Алаш». — Астана : Общественный фонд «Алашорда», 2017. -Т. 1 / ред. А. Арцишевский. — 2017. — 636 с.

Алихан Нурмухамедулы Букейхан (1866 -1937) — знаковая фигура в истории современного Казахстана. Будучи самым упоминаемым и популярным деятелем из казахов в начале ХХ века, находясь в самой гуще поворотных событий начала ХХ века, он остается самой малоисследованной и наиболее загадочной исторической фигурой. Он был подлинным творцом казахской истории начала ХХ века, которому удалось объединить свой народ, добиться его самоидентификации, создать единую нацию под именем Алаш и возродить из руин Казахского ханства современное казахское государство. А. Н. Букейхан являлся первым казахским профессиональным журналистом, ярким публицистом, внесшим неоценимый вклад в становление и развитие современной казахской периодической печати, публицистики и журналистики.

Аккулы, С.Алихан Букейхан. Собиратель казахских земель. [Текст] / С. Аккулы ; Евразийский национальный университет им. Л. Н. Гумилева, Институт культуры и духовного развития «Алаш». — Астана : Общественный фонд «Алашорда», 2017. -Т. 2 / ред. А. Арцишевский. — 2017. — 636 с.

Новейшая история Казахстана, начинающаяся с декабря 1917 года, имела своего подлинного творца. Создателем этих исторических событий, заложивших основу современного Казахстана, являлся Алихан Нурмухамедулы Букейхан. В этой части монографии, основанной исключительно на первоисточниках, рассматривается жизнь и деятельность А. Н. Букейхана, разделенные на три периода — «самарский», «алаш-ординский» и «московский», охватывающие 1909-1917, 1917-1922 и 1922-1937 годы. Эти периоды жизни лидера Алаш имели решающее значение в воссоздании и становлении современного казахского государства.

Дүйсенбі, А. Аңыздар мен абыздар [Мәтін] / А. Дүйсенбі ; Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министірлігінің «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру бағдарламасы Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді. — Астана : Фолиант, 2017. — 320 б.

Ғылыми жинақта аңыздық тұлғалар мен тарихи заманалар шежіресін, ел мен жердің сырлы құпиясын баяндайтын ғылыми ойтолғаулар мен ел жадындағы ескі әңгімелердің мәтіндік нұсқалары топтастырылып сараланған.

Нұрмағамбетов, Ө. Сағындым сені [Мәтін] : өлеңдер / Ө. Нұрмағамбетов ; ред. А. Оспан ; Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министірлігінің «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру бағдарламасы Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді. — Алматы : ҚАЗақпарат, 2017. — 288 б.

Автордың балалық бал дәурен, жастық шақ, туған ауыл, ана, әке, жайлы сыршыл, сағынышқа толы шынайы туындылары поэзияны сыйлай білетін, сөз қадірін түсінетін жырсүйер қауымды бейжай қалдырмасы анық.