Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын оқимыз

Ақпараттық хабарлама

М.Жұмабаевтың "Жан сөзі" кітабының электронды нұсқасы

"Бір ел-бір кітап" акциясы бойынша өтетін шаралар

М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы

М.Жұмабаев туралы нені оқуға болады


Ақпараттық хабарлама



    Бүгінгі күні оқу, соның ішінде кітап оқу - әлемдік кәсіби мәселе. Онымен қазіргі кезде барлық елдердің кітапханалық қоғамы айналысуда. Оқудың маңызын зерттеу - кітапхананы тұтынушылардың сұранысы мен қызығушылығын терең түсіне отырып, сапалы қызмет көрсету жолдарын анықтауда. Оқудың - ұлттық интеллектуалдығын көтерудегі, қоғамның шығармашылық пен әлеуметтік белсенділігін арттырудағы маңызды элемент екендігін, олар болмай Қазақстан бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосыла алмайтындығымызды түсінген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Ұлттық кітапханасының бастамасымен елде «Оқуға құштар Қазақстан» тақырыбында 2007-2010 жылдарға арналған бағдарлама қабылданған еді.
   Осы бағдарлама аясында Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі , ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының бастамасымен  екі жыл қатарынан «Бір ел - бір кітап» атты акциясы ұйымдастырылды.  Онда  Абайдың “Қара сөздері”, М.Әуезовтың “Қилы заман” шығармалары  насихатталды.
      Акцияның мақсаты – оқу ісін ілгерлету, оқу мәдениеті мен сауаттылықты қалыптастыру, рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге  деген қамқорлық көзқарас, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу.
    Биылғы яғни  2009 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы Мағжан Жұмабаевтың махаббат жырларына арналып отыр.
   Мағжан-қазақ поэзиясының  Абайдан кейінгі алыбы.  Кезінде Мұхтар Әуезовтің “Мен ең әуелі Мағжанды сүйем. Оның жарқыраған әшекейлігін, еуропалылығын  сүйем. Кейінгіге қалатын сөз –осы Мағжандыкі. Қалғанымыздың бәрінікі күмәнді” деуінің өзі-ақ көп нәрсені аңғартса керек.  Ол- нағыз ұлттың, әлеуметтің, халықтың сөзін сөйлейтін ақын.  Сондықтан  да  акцияны ұйымдастыру комитетінің мүшелері, көрнекті ақын- жазушылар: Фариза Оңғарсынова,  Әкім Тарази, Алдан Смайыл,  Қайрат Жұмағалиевтардың ортақ пікірге келіп , таңдауының  түсуінде де үлкен жауапкершілік жатыр
   Акцияны өткізетін негізгі орталық – кітапханалар. Осы жоғары да аталған «Бір ел-бір кітап» Акциясына орай біздің облысымызда да барлық кітапханалар мен оқу орындарында, мектептерде кітап көрмелері, әдеби кештер,  зерттеушілер . әдебиеттанушылар, мәдениет және қоғам қайраткерлерімен , ақын жазушылармен кездесулер ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Акцияның өткізуге арналған шаралар мамыр айынан басталып,  қыркүйек айының 21-25 аралығында   қортындыланады.
  Барлық облыс кітапханаларында, сондай-ақ Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана мен Гайдар атындағы жасөспірімдер  мен балалар кітапханасында, Горький атындағы қалалық кітапхана қабырғаларында  қаладағы  ірі кітапхана мен оқу орындарының, қоғамдық ұйымдарды ұйымдастыра отырып, Мағжан Жұмабаевтың махаббат жырларын насихаттау бағытында түрлі шаралар өткізуді жоспарлап отыр. ( Акцияны өткізу барысындағы шаралар жоспары)
  Биылғы акцияның ұйымдастырылуына орай «Ол-Жас Баспасы» ЖШС Мағжан Жұмабаевтың махаббат жырлары жинақталған «Сен сұлу» – «Свет красив» деп аталған кітапты даярлады. Бұл кітаптың басты ерекшелігі – төңкерме басылым үлгісінде, қазақ және орыс тілдерінде бір кітап болып басылған.
Сыршыл ақынның нәзік жырларымен таныс ететін бұл жинақ - кітапханашылардың, ұстаздардың және басқа да мамандардың акция бойынша жұмыс жүргізулеріне үлкен қолғабыс.
Осы кітап туралы төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады:
050009, Алматы, Абай даңғылы, 143, «Баспалар үйі», 505 кеңсе, «Ол-Жас Баспасы» ЖШС.
Тел/факс: 8(727)243-38-76
E-mail: ol-jas@inbox.ru


"Бір ел-бір кітап" акциясы бойынша өтетін шаралар жоспары

«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында  М. Жұмабаевтың  “Махаббат жырларын” оқуға  байланысты Батыс Қазақстан облысы кітапханаларында өтетін шаралар жоспары

Өткізу әдісі

 Тақырыбы

Өтетін уақыты

Жауаптылар

Акцияны өткізуді ақпараттық және жарнамалық қолдау


Акция туралы ақпаратты кітапхана сайтының «Бір ел-бір кітап»» бөлімінде орналастыру

М.Жұмабаевтың «Жан сөзі» кітапбының электронды нұсқасы

мамыр

Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК Интернет секторы

«Бір ел-бір кітап» акциясы туралы

Ақпараттық материалдар әзірлеу

Мамыр- қыркүйек

Облыс кітапханалары

 «Терең ойлы сөз маржаны –Мағжан»

әдістемелік-библиография
лық ұсыныс әзірлеу, электронды нұсқасын сайдқа қою

Мамыр-маусым

Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК

БАҚ беттерінде «Бір ел- бір кітап» акциясын өткізу туралы ақпарат бер

Ақпарат

 

 

 

 

Мамыр-қыркүйек

 

 

Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК
Гайдар атындағы ОБЖК
Горький атындағы қалалық ОКЖ
Барлық аудандық кітапханалар

Көпшілік шаралар


Тұрақты кітап көрмелері

“Мағжан-жыр жұлдызы”
“Көркем сөз иесі- Мағжан”
“Мағжан мұрасы- ұрпақ санасында”

Мамыр-қыркүйек

Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК
Гайдар атындағы ОБЖК
Горький атындағы қалалық ОКЖ
Тасқала, Сырым, Теректі аудандық кітапханаларында

Тұрақты көрменің танысырылымы, тақырыптық кеш.

 

Саяси қуғын-сүргін күніне  орай

Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК

Дауыстап оқу,
Оқу марафоны

“Мағжан жырлары тілге жұмсақ, жүрекке жылы

маусым

Горький атындағы қалалық ОКЖ
Бөрлі ауданы
Ақбұлақ ауылдық кітапханасы

Поэзия кештері

“Өмірді өрнектеген өлеңімен”
“Бір сөзің, мың жыл жүсе дәмі кетпес”
“Сөзден өрнек төккен ақын”

маусым

Теректі ауданы Ақсоғым ауылдық кітапханасы
Бөкейорда ауданы Орда ауылдық кітапханасы

Ауызша журнал

“Ақынның ақыны”

мамыр

Тасқала аудандық балалар кітапханасы

Сазды кеш

М.Жұмабаевтың әнге жазылған шығармаларынан

маусым

Бөрлі аудандық кітапханасы

Оқырмандар конференциясы

“М.Жұмабаев –қазақ әдебиетінің ХХ ғасыр басындағы жарық жұлдызы

Маусым

Зеленов, Тасқала,
Жәнібек ауданының ауылдық кітапханаларында

Мектеп және арнаулы орта оқу орындарында шығармалар байқауы

“Мағжан-поэзияның хас шебері.”

Тамыз – қыркүйек

Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК
Аудандық балалар кітапханалары

Кітап таныстырылымы

“Пророк” кітабының беташары

маусым

Зеленов ауданы
Үлкен-Шаған ауылдық кітапханасы

 

“Бір ел-бір кітап” акциясы аясында 21-25 қыркүйек аралығында өтетін шаралар


“Бір ел-бір кітап” акциясының ашылуы
Кітап көрмелері
Дөңгелек үстел
Әдеби кештер
Үздік шығарма байқауын қортындылау
Әдебетшілермен кездесу
Әдеби сағат
 

“Мағжан мұрасы – ұрпақ санасында”
“Мағжан- ақынның ақыны”
“Мағжан-поэзияның хас шебері.

21 қыркүйек

Барлық облыс кітапханаларында

 

 

Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК
Сырым аудандық балалар кітапханасы
Зеленов ауданы Новенький ауылдық кітапханасы
Гайдар атындағы ОБЖК

Поэзия кештері

Поэзия пірі –Мағжан”
“Мағжанмен мақтамамыз”
“Мағжанның отты жылдары”
“Жүрек жаршысы”

22 қыркүйек

Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК
Гайдар атындағы ОБЖК
Горький атындағы қалалық ОКЖ
Шыңғырлау, Теректі, Жаңақала, Казталов ауданының кітапханалары

Мәнерлеп оқу байқаулары

“Мағжан  -жыр жұлдызы”
“Алаш деген елім бар”
“Өлең-өмір толқыны”

23 қыркүйек

Жәнібек, Ақжайық,, Бөрлі ауданының ауылдық кітапханаларында
Горький атындағы қалалық ОКЖ

Сазды кеш.

М.Жұмабаевтың әнге жазылған шығармаларынан
“Махаббат- мәңгілік әлем”

23 қыркүйек

Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК
өнер туралы құжаттар секторы
Казталов ауданы
Жалпақтал ауылдық кітапханасы

Әдеби кештер

 

 

Оқырман конференциясы

“Алаштың ұлы тұлғасы”
“”Терең ойлы, сұлу сөз маржаны-Мағжан”

“Қазақ поэзиясының арғымағы”

24 қыркүйек

 

 

24 қыркүйек

Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК
Облыс кітапханаларында

 

Гайдар атындағы ОБЖК

Акцияның салтанатты жабылуы
Акцияға қатысып, Мағжан шығармаларын насихаттауға белсене араласқан оқырмандарға сый-құрмет көрсету.
Ақын шығармаларынан әдеби-сазды кеш өткізу

“Өмірі өлеңге айналған ақын”
“Сөзден өрнек салған ақын”
“Дариға сол бір жылдарым”

25 қыркүйек

Облыстың барлық кітапханалары

“Бір ел-бір кітап” акциясы аясында 21-25 қыркүйек аралығында өтетін шаралар


“Бір ел-бір кітап” акциясының ашылуы
Кітап көрмелері
Дөңгелек үстел
Әдеби кештер
Үздік шығарма байқауын қортындылау
Әдебетшілермен кездесу
Әдеби сағат
 

“Мағжан мұрасы – ұрпақ санасында”
“Мағжан- ақынның ақыны”
“Мағжан-поэзияның хас шебері.

21 қыркүйек

Барлық облыс кітапханаларында

 

 

Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК
Сырым аудандық балалар кітапханасы
Зеленов ауданы Новенький ауылдық кітапханасы
Гайдар атындағы ОБЖК

Поэзия кештері

Поэзия пірі –Мағжан”
“Мағжанмен мақтамамыз”
“Мағжанның отты жылдары”
“Жүрек жаршысы”

22 қыркүйек

Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК
Гайдар атындағы ОБЖК
Горький атындағы қалалық ОКЖ
Шыңғырлау, Теректі, Жаңақала, Казталов ауданының кітапханалары

Мәнерлеп оқу байқаулары

“Мағжан  -жыр жұлдызы”
“Алаш деген елім бар”
“Өлең-өмір толқыны”

23 қыркүйек

Жәнібек, Ақжайық,, Бөрлі ауданының ауылдық кітапханаларында
Горький атындағы қалалық ОКЖ

Сазды кеш.

М.Жұмабаевтың әнге жазылған шығармаларынан
“Махаббат- мәңгілік әлем”

23 қыркүйек

Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК
өнер туралы құжаттар секторы
Казталов ауданы
Жалпақтал ауылдық кітапханасы

Әдеби кештер

 

 

Оқырман конференциясы

“Алаштың ұлы тұлғасы”
“”Терең ойлы, сұлу сөз маржаны-Мағжан”

“Қазақ поэзиясының арғымағы”

24 қыркүйек

 

 

24 қыркүйек

Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК
Облыс кітапханаларында

 

Гайдар атындағы ОБЖК

Акцияның салтанатты жабылуы
Акцияға қатысып, Мағжан шығармаларын насихаттауға белсене араласқан оқырмандарға сый-құрмет көрсету.
Ақын шығармаларынан әдеби-сазды кеш өткізу

“Өмірі өлеңге айналған ақын”
“Сөзден өрнек салған ақын”
“Дариға сол бір жылдарым”

25 қыркүйек

Облыстың барлық кітапханалары

 


М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы

Мағжан Жұмабаев (1893-1938 ж.ж.)

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев (1893-1938) — қазақ әдебиетінің көгіндегі XX ғасырды:-басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны. Туған жері — бұрынғь Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы). Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігі.мен адамгершілікті ггарасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Соған орай оны бір: сайлауда болыс етіп сайлаган көрінеді.
   Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге окуға түсіп, оны жақсы үлгіріммен аяктайды. Бірақ бұл оку білсем, көрсем деп ілгері ұмтьоға.-жас талапты онша қанағаттандырмайды. Ол оку іздеп, енді Уфаға аттанады. Сонда өзінің білім беру дәрежесінен Жоғары діни оку орнымен пара-пар Медресе-Ғалияға окуға түседі.  Медреседе оқьш жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысь Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді. Болашак. ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның көмегіме:-Қазан қаласында Мағжанның “Шолпан” атты түңғыш жинағы жарық көреді, соның акыл- кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі.
    Жастайынан орысша окып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жеткен Мағжан казақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді. Әуелде лапылдап тұрған сезімін, ынтыға үзіліп түрған махаббатын жастық жалынымен, жандырып жіберердей леппен жеткізуге ұмтылған ол енді бірте-бірте ой есейгендігін танытып, азаматтық лирикаға карай ойысады.  Мұнда да ол зарлы да өкінішті ой-сезімдерін ерекше кұдіретпен, шыңғырған жан даусының куатымен жеткізіп, ішкі мүңы мен ашу-кегін табиғи байланыстырып жібереледі.  Бұл кез оның қазақгың ардакты азаматтары Ахмет Байтұрсынүлы мен Міржақып Дулатұлынан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір белесіне құлаш ұрған шағы еді. Ұстаздарының өнегесі ақын жанының тебіреніс толқынындағы айшықгы өрнегімен көрініс береді.
               “Азамат! Анау қазақ ханым десең,
                Жұмақтың суын апар, жаным десең
                  Болмаса, ібіліс бол да у алып бар,
                 Тоқтатам тұншыктырып қанын десе”.
    
      Екінің бірі, басқа жол жоқ! Тасқыны қатты, тегеуріні берік ұлттық сезім селі ширатыла ширығып барып, екпінін баспаған күйі түрікшілдік арнасына құйылады. Халық өлеңдерінің мазмұнымен бірге оның ырғақ үйлесімін, ішкі рухын, әуезділік әсемдігін жанымен қабылдаған ақын кейде ән-күй ғана түсіндіре алатын сезімдерді сөзбен жеткізеді. Мағжанның ақындық ерекшелігі де, бәлкім, осы болар.
   Қалай дегенде де, Мағжан өзіне дейінгіге де, кейінгіге де ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Ол өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, ал адамды сол ұлы табиғаттың, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде қабылдайды. Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән-мазмұнын бағдарлап, өрдайым жалпы адамзатқа тән өуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстың ішкі астарына үңіледі. Дүниені философиялық түрғыдан таниды.
    Мағжан "Шолпан", "Сана" журналдары, "Ақ жол" газеті редакцияларында қызмет істеп жүргенде болсын, Москваның Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқып жүргенде болсын, үнемі ізденіс үстінде, шығармашылық өрлеу жолында болады. Білімі толысып, тәжірибесі молайып, кемелді шағына бет алған тарпаң дарынның тағдырына түтқиылдан келіп араласқан Қызыл империяның қызылкөз жевдетгері оның жолын кесіп, түрмеге қамайды. Сөйтіп, 1929 жылдан бастап ақын куғын-сүргінге үшырайды. Әуелі жалған жабылған жаламен он жылға сотталады. Одан М.Горький мен оның әйелі Е.Пешкованың араласуымен 1936 жылы босатылады да, бір жылдан кейін "Халық жауы" деп қайта сотталып, келесі жылы наурыз айында ату жазасына кесіледі.


М.Жұмабаев туралы нені оқуға болады

Мағжан әлемі

    Жұмабаев Мағжан

        Көптомдық шьгғармалар жинағы. 1-том Өлеңдер,дастандар, әңгіме.- Алматы: Жазушы,2005.-208бет
Ақын шығармалары көп томдығының бірінші
кітабына өлеңдері мен дастандары, әңгімесі еніп
отыр.Олар Мағжанның  көзі тірісінде жарық
көрген жинақтары мен кейінгі жылдары шыққан
басылымдары негізінде салыстырылып, мәтіндік
«өңдеу-жөндеуге» ұшырағандары, қысқарып
кеткен тұстары қалпына келтірілді.

 

Жұмабаев Мағжан
Көптомдық шьгғармалар жинағы. 2-том Өлеңдер,дастандар, әңгіме.- Алматы: Жазушы,2005.-208бет

Ақын шығармалары жинағының екінші томына
өлеңдері мен дастандары және бірқатар
поэзиялық аударма  туындылары енді

Жұмабаев Мағжан
Көптомдық шьгғармалар жинағы. 3-том . Аудармалар, ғылыми еңбек, мақалалар - Алматы: Жазушы,2005.-208бет

Қазақтың арыс ұлдарының бірі Мағжан Жұмабаев-
тың шығармалар жинағының бұл томына оның
аудармалары, «Педагогика» атты ғылыми еңбегі,
мақалалары енгңзңлдң

Жұмабаев М
   Жан сөзі: Өлеңдер мен дастандар.-  Алматы, Раритет,2005.-256 бет.- «Алтын қор» кітапханасы

Қазақ лирикасында «Абайдың соңғы әдебиетке жаңа түр
 кіргізіп соңына шәкірт ерткен , мектеп (школ) ашқан                       
 күшті  ақын Мағжан екенінде дау жоқ… Орыстың
 бейнешілдігін қазаққа аударды, өлеңді күйге
 айналдырды, дыбыстан сурет туғызды, сөзге жан
 бітірді…»
 М.Жұмабаевтың ақындығы жөнінде бұдан сексен екі
  жылдан уақыт бұрын Жүсіпбек Аймауытов айтқан осы
 пікір-байлам қазір де өз ақиқатын жоғалтпағанын мына 
 кітапты оқыған адамның көзі анық жетеді. Әсіресе,
 махаббат лирикасы мен ғажайып дастандары әлем
 поэзиясының інжу-маржаны қатарынан орын алуға
әбден – ақ лайық

 

Жұмабаев Мағжан
 Сүй, жан сәулем. Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы:Атамұра,2002.-256бет

Жалғыз қазақ емес, күллі Тұран жерінен шыққан
түркі текті халықтардың мақтанышына айналған,
көзі тірісінде-ақ мәңгілік сөнбес Шолпан
жұлдызындай жарқырап шыққан Мағжан ақын
жырлары уақыт өткен сайын соңы қырынан
танылып, жаңа да жас оқырманын тауып отырары
сөзсіз.
Қалың жұрт ұзақ жылдар көз жазып қалған                     
қазақтың ұлы ақынының бұл кітабына әр жылдары
Жұмабаев Мағжан

 Батыр Баян Өлеңдер мен поэмалар.- Астана:Елорда,1998-327бет
«Қазақ  поэзиясының алтын қоры» айдарының
алғашқы қарылғашы – Мағжан Жұмабаевтың
«Батыр Баян» кітабына көптеген толықтырулар
енгізілген.  «Орал», «Жер жүзін топан болса екен»
өлеңдері осы кітапта тұңғыш рет жарияланып отыр

Ұлттық поэзия падишасы. : Ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармагерлігі туралы/ Құраст: Ф.Қ.Бектурбекова.-Алматы; Орталық ғылыми кітапхана,2001.-314бет, -  «Ұлы тұлғалар» ғылымибиблиографиялық серия
                                                                                                                                                                                       
 Ұсынылып отырған ғылыми-библиографиялық
  жинақта Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығарма-
 герлігі туралы мағлұмат, өмірі мен қызметінің
 негізгі кезеңдері берілді. Мағжан Жұмабаевтың өз
 шыққан бірқатар еңбектері, ақынның ақөындығы
 туралы зерттеулер ұсынылды.
 Ғылыми-биографиялық серияның «Көмекші көр-
 сеткіштер» бөлімінде Мағжан Жұмабаевтың өмірі
 мен шығармашылық еңбегін сипаттайтын мәлім-
 еттер  әліпби тәртібімен орналасқан, әуелі қазақ
  тілінде, содан соң орыс тілінде берілген, оның
 өз еңбектері хронологиялық ретпен әр жылдың
 ішінде әліпби бойынша орналасқан.

Нұрғали Рымғали
Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Зерттеу, - Астана, Құлтегін,2002.-528бет



ҚРҰҒА корреспондент мүшесі, Мемлекеттік
сыйлықтың лауреаты, ғылымға еңбегі сіңген
қайраткері, филология ғылымдарының докторы
Л.И.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ-
ситеті қазақ және шетел әдебиеті кафедрасының
меңгерушісі, профессор Рымғали Нұрғалидың
бұл кітабында ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің
Ахмет, Әлихан, Мағжан, Міржақып, Мұхтар,
Сәкен, Ілияс, Сәбит, Ғабит сынды алып тұлғалары-
Ның шығармашылық тағдыры ұлттың рухын  бей-
Нелену деңгейі тұрғысынан жаңаша зерттелген.