Кітапханамызда қолға алынған жобаның өзектілігі – ол тұрғындар мен жастардың кітап оқуға ынтасын арттыру, көркем әдебиеттерді, сирек қордағы басылымдарды, өлкенің ақын-жазушыларының шығармалары мен мемуарларын сандық нұсқаға айналдырып, қолжетімді ету.

Бұл жоба алдағы  уақытта оқушы жастардың цифрлы форматтағы  кітап  оқуына  бағыт  беріп, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыруға бағытталып отыр. Әлемдік  және қазақ классиктерінің шығармалары енгізілген электронды кітап сөресі  қаламыздағы білім беру мекемелеріне қойылуда.

Әр оқырман өзінің мобильді құралдары арқылы QR Code  Reader қосымшасын  жүктеп алып, ұнаған шығармаларды электронды түрде ақысыз көшіріп алуларына болады.