«Оқу оқырман көзімен» кітапханалық   жобасы  Ақжайық  өңірінің  белгілі саясаткерлері,  басшылар, ғалымдар, журналистер, кәсіпкерлер, спортшылар, шығармашылық  адамдарының әңгіме – сұхбаттарын оқырмандар арасында насихаттайды, оларды  кітапханаға тарту, кітап оқуға деген қызығушылығын  арттыруды  көздейді. Жоба азаматтардың  кітап  оқу  арқылы  білімді,  заман талабына сай  интеллектуалдық  әлеуеті  жоғары  тұлға болуына, мәдени-рухани  тұрғыда  дамуына,  қоғамдық  өмірге  белсене қатысуына, кітапхана мен оқырман  арасындағы байланыстың нығаюына ықпал етеді.