Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  кітапты  насихаттау мақсатында  қоғамдағы оқу мәдениетін қалыптастыру үшін қала тұрғындары мен жастар үшін қала көшелерінде, саябақтарда, қоғамдық орындарда жазғы оқу мен бос уақытты өткізу бағдарламасын қолға алып отыр.

Бұл жоба жазғы оқу залында қала тұрғындарының, жастардың ашық аспан астында, табиғат аясында  кітап оқып, бос уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізуіне ықпал етеді.