«Жолаушы, жолға кітап ал!» жобасы кітапхана қорындағы ең көп оқылатын, тілі жатық, белгілі қазақ және шетел, сондай-ақ өз өлкеміздің әдебиет өкілдерінің әдебиеттерін электронды нұсқаға айналдырып, QR-code reader арқылы ұялы телефон немесе планшетке жүктеп алып жол сапарда оқуға ұсынып отыр.
Бұл жоба қаламыздағы теміржол вокзалында, автобекетте, аялдамаларда қойылып, жолаушылардың жол сапарында кітап оқуға деген ынтасын арттырумен қатар, бос уақытын тиімді пайдалануға жол ашуда.