KAZ | RUS

Ақпарат

2017 жылдың 5 желтоқсан күні Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана мен ЖҚТБ қарсы орталығы бірлесіп, «Мақсат» Орал медициналық колледж студенттерімен «Мы против СПИДа!» акцисын өткізді
Әр жыл сайын әлемде 1 – желтоқсан «Халықаралық ЖҚТБ-мен күрес күні» аталып өтіледі. Осы күнге орай 5-желтоқсан күні Ж. Молдағалиев атындағы облыстық кітапханасымен ЖҚТБ қарсы орталығы, «Мақсат» Орал медициналық колледж студенттерімен бірге «Мы против СПИДа!» акциясын ұйымдастырды.
Шара мақсаты: ЖҚТБ дерті жайлы ақпарат беру. ЖҚТБ-ның адам ағзасына зиянды әсерлерін нақты ұғындыру. Студенттердің дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру. Салауатты өмір негізінде білімдерін жетілдіріп, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сондай–ақ, Облыстық ЖҚТБ-ның алдын алу мен оған қарсы күрес жұмыстары бөлімінің меңгерушісі А.Е. Ашигалиева қатысып, қатерлі аурудың жұғу, таралу жолдарын студенттерге баяндап, ЖҚТБ дертінен сақтану жолдары туралы парақшалар таратып бейнебаян көрсетті. Колледж студенттері маманға өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Ж. Молдағалиев атындағы облыстық кітапханасының кітапханашысы Махорина Елена: «По планете СПИД гуляет…» атты өлең оқып берді.
Акцияны колледж студенттері флэш-моб биімен аяқтады.