KAZ | RUS

Ақпарат

Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мәжіліс залында ақпараттық – библиографиялық бөлімнің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 12 желтоқсан күні «Оқу үрдісіндегі ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» тақырыбында Ақпарат күні өткізілді.
 Ел Президентінің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» атты мақаласында заманауи әлемдік білім беру және мәдени кеңістікте интеграциялану үшін «білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс» деп атап өтті. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Мемлекет басшысы барлық қазақстандықтарды компьютерлік сауаттылыққа үйретуді, «мәдени түрде ашық» болуды және үнемі жаңа білім алуға шақырды.
 Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында оқытудың заманауи әдістері мен бағдарламаларын игеру, оқыту деңгейін жоғарылату, қажетті білім мен дағдыларды үйрену міндеттері қойылды.
 Елімізде электрондық оқыту, е-learning, онлайн-сабақтар секілді жаңа білім беру жобалары іске қосылды.
 Осыған байланысты, кітапханашыларға оқырмандарды Интернеттің электрондық білім беру ресурстары туралы ақпараттандыру міндеті қойылған. Бұл ақпарат олардың оқуына және болашақта кәсіби өсуіне көмектеседі. Бүгінде заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды білмей, кез-келген мамандықты елестету мүмкін емес.
 Орал қаласындағы педагогикалық колледждердің студенттеріне ақпараттық-библиографиялық бөлім «Оқу үрдісіндегі ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» тақырыбында «Ақпарат күнін» өткізді.
 Осы шарада студенттерге онлайн режимінде пайдалы білім беру ресурстары көрсетілді.
 Бұл - мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге арналған электрондық оқулықтар, әдістемелік және практикалық материалдар.
Іс-шара барысында «Біз ақпарат береміз – таңдау өз тараптарыңыздан!» кітап көрмесіне шолу жасалды.
 Білім беру интернет-ресурстарына шолуды библиограф Каленова Б.Т. жүргізді.
  Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің оқытушысы Мұхтарова Шолпан Еркебайқызы оқытушылар мен студенттерге үлкен көмек екендігін, білім беру ресурстарына шолу ұнағандығын айтып, өз ойын білдірді.
 «Біз білім беру ресурстарының сайттарына жасалынған шолуды қызығушылықпен тыңдадық. Бұл білім беру мен оқытудағы өте маңызды шығармашылық көзқарас»- деп колледж студенттері де өз пікірлерін айтты.
 Ақпарат күніне мұғалімдер мен 106 студенттер қатысты.