KAZ | RUS

Ақпарат
2017 жылдың 14 желтоқсан күні сағат 15.00-де Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мәжіліс залында «Өлкетану» клубының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай «Ұлыларды ұлықтау-тарихыңды ұмытпау» атты кеш өтті.


Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мәжіліс залында «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қорымен бірлесіп Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай «Ұлыларды ұлықтау-тарихыңды ұмытпау» атты кеш өтті.
Кеште «Егер Бөкей болмаса...» (Бөкей хан Нұралыұлы) атты деректі фильмі көрсетілді. Аталмыш фильмді өңірге танымал кәсіпкер Мұрат Жәкібаевтың продюсерлік орталығы түсірген. Режиссері - Лев Вахитов. Деректі туындыда Бөкей хандығының арғы-бергі тарихы сөз болды. Фильмде Еділ-Жайық аралығын қайта қайтару жөніндегі қиындықтары туралы баяндалды.
Көрсетілген деректі фильмнің мақсаты: жастарымызға қазақ халқының ғасырлар бойғы басынан өткерген тарихымен таныстыру, Бөкей ханның қазақ тарихындағы алатын орнын, ерекше қасиеттерін үлгі ету. Олардың санасы биік, рухы асқақ отаншыл ұрпақ болып өсулеріне үлес қосу.
Кешке деректі фильмнің сценарисі, мәдениет саласының ардагері Қ. Төлеуішев, тарих магистрі, өлкетанушы А. Ш. Курумбаев және Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі мен педагогикалық колледж студенттері қатысты.
Кеш барысында кино өнерінің кейбір қиындықтары мен кино жасақтау жәйі туралы сөз болды.
Кеш соңында кітапхана директорының орынбасары деректі фильмнің сценаристеріне кітапхана ұжымы атынан алғысын білдірді. Сонымен қатар «Тарихы терең сырлы өлке» атты кітап көрмесіне өлкетану бөлімінің кітапханашысы шолу жасады.