KAZ | RUS

Жаңалықтар


12.09.2017 2017 жылы 12 қыркүйек күні Ақжайық ауданынының Ақжайық аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Цифрлы Қазақстан: Кітапхана дамуына жаңа серпін» Батыс Қазақстан аймақтық кітапханашылар форумы өткізілді.Толығырақ...

08.09.2017«Отбасы күні» мерекесі аясында кітапхананың «Отбасы оқу орталығы» оқырмандарымен ақын Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қайрат Жұмағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінен «Балалар әдебиетінің бағбаны» атты балаларға арналған өлеңдерінен поэзия кешін өткізді.Толығырақ...

7.09.2017Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» мақаласы аясында Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Орал қаласының әкімдігінің қолдауымен «Жолаушы, жолға кітап ал!» жобасы аясында қаламыздағы «Е.Пугачев» аялдамасында электронды кітаптарды оқуға ұсынды.Толығырақ...

6.09-12.09.2017Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 6-12 қыркүйек күндері сағат 10.00-17.00 аралығында «Ашық есік күні» өтті. Толығырақ...

02.09.2017Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Білім күніне орай Қазақстан бойынша «Рухани жаңғыру және білімді ұрпақ» жалпыреспубликалық Ашық есік күнін жариялады. Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана да осы шараға белсене қатысып, 2 қыркүйек күні кітапханамызда Ашық есік күнін өткізді.Толығырақ...


23.08.2017Облыстық кітапханада Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын басшылыққа ала отырып, ұлттық рухымызды мәңгі есте сақтау мақсатында республикалық деңгейде өткізіліп жатқан «Мен Абайды оқимын» ағартушылық поэзиялық Акциясы аясында «Абай мұрасы-мәңгілік қазына» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Толығырақ...


11.08.2017Кітапханада жаңа көрме залының ашылу салтанаты өтті.Толығырақ...



08.08.2017 «Ақжайық» шипажайында қазақтың көрнекті жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халықаралық Шолохов сыйлығының иегері, Ресей педагогика және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Досановпен кездесу кеші өтті.Толығырақ...


15.06-18.06.2017. Облыстық кітапхана Астана қаласындағы «Көрме» орталығында өткен «Eurasian Book Fair-2017» ІІ Еуразиялық халықаралық кітап көрме - жәрмеңкесіне өлкемізге қатысты әдебиеттерден жасақталған көрмемен қатысты.Толығырақ...


16 маусым күні сағат 15.00- де А.А.Остапец - Свешников атындағы халықаралық балалар жасөспірімдер туризмі және өлкетану академиясынын академигі, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығынын директоры Виктор Павлович Фоминнің 60 жылдық мерейтойына орай Ж. Молдағалиев атындағы ғылыми – әмбебап кітапханасының облыстық балалар жасөспірімдер туризм және экология орталығымен бірлесіп ұйымдастырған «Өмір баспалдақтары» атты биобиблиографиялық көрсеткіштің тұсаукесер рәсімі өтті. Толығырақ...


Облыстық кітапхана және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы №5517 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздер – мемлекеттік идеологияның тірегі» тақырыбында шара оздырылды.Толығырақ...


01.06.2017.2017 жылдың 1 маусымы күні сағат 10.00.-де Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Қаратөбе аудандық ОКЖ-де «Ауыл кітапханаларының фестивалі» облыстық жобасының салтанатты ашылуы өтті. Толығырақ...


31.05.2017.Кітапханада «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» атты әдеби танымдық кеш ұйымдастырылды. Толығырақ...


25.05.2017.Кітапхананың мәжіліс залында Өлкетану әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен «Өлкетану» клубының алғашқы отырысы өтті. Толығырақ...


24.05.2017.Жұбан ескерткіші орналасқан саябақта «Оқитын қала» жобасы аясында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен 2017 жылы ел болып оқуға таңдалған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Ағып өткен бір жұлдыз» және басқа да кітапты насихаттауға арналған шаралар өтті. Толығырақ...


27.04.2017.27 сәуір күні сағат 15.00-де Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның кіші залында ақын, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және тәуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының иегері Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығын насихаттауда өзге этнос өкілдері жастары мен жоғарғы және арнаулы оқу орындары студенттері арасында VІ облыстық «Қадыр оқулары» байқауы өтті. Толығырақ...


09.05.2017.Кітапхананың оқу залында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай «Ұлы ерлікке тағзым» атты кең көлемді кітап көрмесі мен өлкетану әдебиеттері бөлімінің жанынан құрылған «Әдеби шаңырақ» жобасы аясында халқын қалтқысыз сүйген, ұлтының шынайы сүйіспеншілігіне бөленген ұлы жүректі азамат, көрнекті ақын, белгілі қоғам қайраткері Жұбан Молдағалиевке арналған «Жұбан жауынгер» атты тақырыптық кеш өтті. Толығырақ...

 


20.04.2017.20 сәуір күні сағат 10.00-21.00 аралығында кітапханада Бүкілдүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай Ашық есік күні және «Biblio түн -2017» интеллектуалдық бос уақытты ұйымдастыру әлеуметтік - мәдени акциясы өткізілді. Толығырақ...

 


20.04.2017.«Әдеби шаңырақ» жобасынын аясында 23 сәуір күні Бүкілдүниежүзілік кітап пен авторлық құқық күні мерекесіне орай ардагер журналист Аманкелді Мендіғалиұлы Ақмурзинның «Осенняя рапсодия» кітабының тұсаукесеріне арналған әдеби кеш өтті. Толығырақ...

 


15.03.2017 М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде «Мәдени тынығу және кітапхана қызметіндегі инновациялық технология» тақырыбында Мамандар күні өткізілді. Толығырақ...

 


13.04.2017

Облыстық кітапхананың оқу залында ақын, Қазақстан Жастар одағы және халықаралық «Алаш» әдеби және «Ильхам» сыйлықтарының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Қасымхан Бегмановпен «Ақын жүрегіндегі арман» атты кездесу кеші өтті.

 


05.04.2017. Кітапхананың оқу залында «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы ЭКСПО - 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің өтуі жөнінде түсінік беру және кітапхана қорында бар әдебиеттермен таныстыру мақсатында «ЭКСПО – 2017» – елдіктің ерен жеңісі» атты кең көлемді кітап көрмесінің ашылуы өтті. Толығырақ...

 


04.04.2017.Кітапхананың конференц залында Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған «Отбасы және денсаулық» клубының «Ас – адамның арқауы» тақырыбында кезекті шарасы өтті. «Отбасы және денсаулық» клубының «Ас – адамның арқауы» Толығырақ...

 


28.03.2017.Кітапхананың өлкетану әдебиеттері бөлімі биылғы жылы «Әдеби шаңырақ» атты жаңа жобаны қолға алып отыр. Жоба аясында ақын, әдебиет зерттеушісі, ғалым, қаламгер Сағынғали Сейітовтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Қаламда қара нардай қажымаған...» атты әдеби кеші өтті. Толығырақ...

 


19.03.2017. 2017 жылдың 19 наурыз күні Ақжайық ауданының Ақжол ауылында Ақжол ауылдық моделді кітапханасы ашылды. Толығырақ...

 


16.03.2017. «Нұр себеле – нұр наурыз» атты мерекелік шара. Толығырақ...

 


15.03.2017.М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде «Мәдени тынығу және кітапхана қызметіндегі инновациялық технология» тақырыбында Мамандар күні өткізілді. Толығырақ...

 


10.03.2017.Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын насихаттау барысында «Ақпарат күні» өткізілді. Толығырақ...

 


03.03.2017.Кітапхананың оқу залында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйел - өмір тірегі ғана емес, әйел - өмірдің өзі» атты мерекелік шара өтті. Толығырақ...

 


02.03.2017. 2017 жылдың 2 наурыз күні Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының конференц-залында ақпараттық - библиографиялық бөлімнің ұйымдастыруымен Орал қаласының мектеп кітапханашыларына арналған ОӘҒК-ның сайтын таныстыру мақсатында шолу- саяхат өткізілді. Толығырақ...

 


02.03.2017. Ж. Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 2 наурыз күні мектеп кітапханашыларына арналған ақпараттық сағат өткізілді. Толығырақ...

 


02.03.2017. Кітапхананың өнер бойынша әдебиеттер бөлімі жерлесіміз, әйгілі актриса Хадиша Бөкееваның 100 жасқа толуына орай «Өнермен өрнектелген өмір» атты кітап көрмесінің ашылуын өткізді. Толығырақ...

 


01.03.2017. Қаламыздағы Достық үйі алаңында 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» тақырыбында мерекелік шара өткізілді. Осы шараға Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен 1 наурыз күні 10.00-де «Қазақстан – бақыт мекені» тақырыбындағы кең көлемді кітап көрмесі шығарылды... Толығырақ...

 


28.02.2017.Кітапхананың оқу залында педагогика саласының ардагері, ұзақ жылдар жоғары оқу орындарында математикадан дәріс оқыған ұстаз, бірнеше прозалық жинақтың авторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, бекзат болмысты дегдар азамат Қайыр Құрақұланның (Бектұрғанов) туғанына 80 жыл толуына орай «Ұстаз. Жазушы. Азамат» атты кітап көрме шығарылып, «Есімі жүректерде сақталады» тақырыбында еске алу кеші болып өтті. Толығырақ...

 


27.02.2017.Кітапханада Алашқа әйгілі ақын, ғалым, Ақжайық өңірінің аяулы перзенті Сағынғали Сейітовтің 100 жылдық мерейтойына орай өткізілетін іс-шаралардың On-linе -презентациясы өтті. Толығырақ...

 


22.02.2017. Кітапханада «Ислам діні - жақсылықтар бастауы» атты дөңгелек үстел өтті. Толығырақ...

 


21.02.2017. 21 ақпан күні сағат 14.30-де Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алаш орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Алашорда – тәуелсіздік бастауы» тақырыбында Сырым ауданы әкімдігінің бастамасымен онлайн конференциясы өтті. Толығырақ...

 


10.02.2017. Кітапхананың оқу залында «Киелі өнер иесі» деп аталатын әнші, сазгер Ә. Молдағайыновтың 80 жасқа толуына арналған кеш өтті. Толығырақ...

 


08-09.02.2017. Кітапханада оқырман назарына «Жаңа басылымдар сіздер үшін» атты кітап қорына келіп түскен жаңа әдебиеттер мен басылымдардың көрме таныстырылымы ұйымдастырылып, «Ақпарат күні» өткізілді. Толығырақ...

 


08-09.02.2017. Кітапханамызда «Ақпарат күніне» орай 8-9 ақпан күндері «Өлкетану әдебиеттері» бөлімінің қорына 2015-2016 жылдары түскен жаңа әдебиеттерді оқырмандарға таныстыру мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу өткізілді. Көрмемен студенттер, мұғалімдер, мектеп кітапханаларының және оқу орындарының кітапханашылары танысты. Толығырақ...

 


07.02.2017. Күйші, домбырашы, өзгеше дарын иесі, жерлесіміз Сабыр Мұқатовтың туғанына 110 жыл толуына арналған «Дәстүрлі күйдің дүлдүлі» атты сазды кеш өтті. Толығырақ...

 


02.02.2017. Гагарин атындағы кинотеатрында «Белес Агро» компаниялар тобының жетекшісі Мұрат Жәкібаевтың қолдауымен Сталинград шайқасына арналған «Сайхин. Урда. Сокращение штатов», «Джанибек. Следы войны» атты деректі фильмінің көрсетілімі болды. Осыған орай Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Өлкетану әдебиеттері» бөлімі «Ұлы ерлікке тағзым» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Толығырақ...

 


31.01.2017. Алаш Орда үкіметінің 100 жылдығына және Батыс Алашорда жетекшісі Жаһанша Досмұхамедовтың туғанына 130 жыл толуына орай «Кешегі Алаш идеясы – бүгінгі тәуелсіз Қазақстан» тақырыбындағы кең көлемді иллюстративті кітап көрмесінің ашылуы өтті. Толығырақ...

 


26.01.2017. Кітапхананың оқу залында Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ерлігін ұлықтауға арналған Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен 2016 жылы Алматы қаласының «Алтын кітап» баспасынан шыққан «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. Батыс Қазақстан облысы» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Толығырақ...

 


24.01.2017. Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың оқу залында жас саясаттанушы Бақытжан Бұқарбайдың «Күміс кітабының» таныстырылымы өткізілді. Толығырақ...

 


12.01.2017. «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебеп ғылыми кітапхананың қатысуымен «City center» СОО-да «Өзің оқы да, өзгеге бер» буккроссинг акциясы өтті. Толығырақ...

 


12.01.2017. Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Сырым Датұлының туғанына 275 жыл толуына орай Onlinе-конференция және «Ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен» атты кітап көрмесінің ашылуы өтті. Толығырақ...

 


10.01.2017. Облыстық драма театрда Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығы мен №5517 «Сокол» әскери бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлттық Ұланның құрылғанына 25 жыл толуына арналған салтанатты кеші өтті. Осыған орай Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Қазақстан әскері - қауіпсіздік кепілі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Толығырақ...

 


21.12.2016. Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының Қадыр Мырза Әлі атындағы орталықтағы филиалы №37 ЖОББМ бірлесе отырып, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Нарын құмының перзенті Жанғали Набиуллиннің туғанына 80 жыл толуына орай «Жайықтың жыр жампозы» атты поэзиялық кеш өткізді. Толығырақ...

 


15.12.2016. Кітапхананың конференц залында «Алаштан Желтоқсанға дейін» атты танымдық сағат өтті. Толығырақ...

 


14.12.2016. ҚР ІІМ Батыс құрамасының №5517 әскери бөлімі ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген «Қазақтың арманына апарар жол» тақырыбындағы шараға Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Тәуелсіз елдің тұғыры биік» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Толығырақ...

 


14.12.2016. «Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы өнері» атты кітап қөрмесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай. Толығырақ...

 


13.12.2016. 13 желтоқсан күні кітапхананың оқу залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Алаш және Тәуелсіздік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Толығырақ...

 


12.12.2016. Кітапхананың оқу залында 12 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбында жасақталған кең көлемді кітап көрмесінің ашылуы болды... Толығырақ...

 


08.12.2016.Кітапхананың оқу залында ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Нарын құмының перзенті Жанғали Набиуллиннің туғанына 80 жыл толуына орай «Ақын жырының жалғасы - Ақ Жайықтың арнасы» атты кітап көрмесі шығарылып, «Өлеңді өмірінің өзегі еткен...» тақырыбында поэзиялық кеші өтті. Толығырақ...

 


06.12.2016. 6 желтоқсан күні Орал қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Жігерлі жастар» қоғамдық бірлестігі «Отбасы институтын нығайтудағы Конститутцияның орны және оған діннің көзқарасы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. облыстық кітапхана «Отбасы –Отанның ошағы» атты көрме ұйымдастырды. Толығырақ...

 


30.11.2016. ҚР ІІМ Батыс гарнизонының №5517 әскери бөлімшесінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолына арналған «Елін сүйген елбасы, өресі биік өр тұлға» атты виртуалды көрме ұйымдастырып, әскери сарбаздардың назарына ұсынды. Толығырақ...

 


29.11.2016. Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастыруымен Орал газ, мұнай және салалық колледжі кітапханасының оқу залында мерзімді басылымдар қорына келіп түскен «Жаңа басылымдардың таныстырылымы» туралы ақпараттық сағат оздырылды. Толығырақ...

 


28.11.2016.1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елімен етене Елбасы» тақырыбында танымдық кеш оздырылды. Толығырақ...

 


23.11.2016.Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығыда «Бір ел - бір кітап» акциясына ел болып оқуға таңдалған ХIХ ғасырдың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен кемел ақын Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған «Жырын тыңда Дулаттың» атты кеш өтті. Толығырақ...

 


14.11.2016.Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Сиқырлы әуен әлемі» мәдени-ағарту жобасы аясында «Тәуелсіздікке тарту» атты сазды кеш өтті. Толығырақ...

 


09-12.11.2016.2016 жылғы 9-12 қараша аралығында Астанадағы «Көрме» орталығында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Eurasian Book Fair-2016» Еуразиялық халықаралық кітап көрме - жәрмеңкесі өтті. Көрмеге Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың кітап қорынан өлкемізге қатысты әдебиеттер апарылды. Толығырақ...

 


03.11.2016.Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан индустриалды колледжі қабырғасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы «Елі үшін еңіреген ұлы тұлға» атты танымдық кеш оздырылды. Толығырақ...

 


20.10.2016.Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап - ғылыми кітапханасы мен Орал газ-мұнай және салалық технологиялар колледжі бірігіп 1916 жылғы Ұлт азаттық көтерілістің 100 жылдығына орай М. Әуезовтің «Қилы заман», Ғ. Мүсіреповтің «Аманкелді», С. Мұқановтың «Ботакөз» шығармалары негізінде «Қилы заман – Қарқара қаһармандары» тарихи танымдық кеш өткізді. Толығырақ...

 


20.10.2016. Кітапхананың конференц залында 20 қазан күні «Жастардың бойында этностық және діни толеранттылықты тәрбиелеудің жолдары» тақырыбында ашық талқылау өткізілді. Толығырақ...

 


19.10.2016. 2016 жылдың 19- қазан күні Жәнібек ауданының Қамысты және Тау ауылында Қамысты, Тау ауылдық модельді кітапханалары ашылды. Толығырақ...

 


19.10.2016. «Оралдан ән оздырған Мұхит баба» атты әнші –сазгер, ақын Мұхит Мераліұлының 175 жылдығына арналған көрме өтті Толығырақ...

 


18.10.2016.2016 жылдың 18- қазан күні Бөкейорда ауданының Орда ауылдық модельді және Орда ауылдық модельді балалар кітапханалары ашылды. Толығырақ...

 


18.10.2016.18 қазан күні Достық үйінде Рухани келісім күніне арналған «Рухани келісім-халықтар бірлігіне бастар жол» атты дөңгелек үстел өтті. Осы шараға Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапханасы «Дін бірлігі-ұлт бірлігі» атты көрме ұйымдастырды. Толығырақ...

 


12.10.2016.2016 жылы 12 қазан күні Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-да «Аудан кітапханалары» жобасы аясында Шыңғырлау ауданы кітапханалары күні өтті.Толығырақ...

 


11.10.2016.Ұлт өнерінің ұлы тұлғасы күйші, халық сазгері, төкпе күйдің негізін салушы Сейтек Оразәліұлының шығармашылығына арналған «Күмбірлетіп күй күмбезін көтерген» атты сазды кеш өтті.Толығырақ...

 


05.10.2016.Облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ырыс алды – ынтымақ» атты форумға қатысушыларына кітап қөрмесі ұсынылды Толығырақ...

 


05.10.2016.Дәстүрлі «Жұбан оқулары» аясында «Мәңгілік Ел идеясы –Жұбан жырында» тақырыбында Акция өтті. Толығырақ...

 


04.10.2016.4 қазан күні Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапханасы Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, жерлес қаламгер Сара Латиевамен өткен кездесуге қатысушыларға, оның шығармашылығына арналған «Әркімге өзінің шыққан тауы биік»атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Толығырақ...

 


04.10.2016.Қоғам қайраткері Ғазез Хаймулдиннің «Өмір естелігі» кітабының таныстырылымы өтті. Толығырақ...

 


28.09.2016.Облыстық кітапхананың конференц залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы мерекесі аясында «1916 жыл: ұлт-азаттық күрестің ақтаңдақтары мен себептері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Толығырақ...

 


27.09.2016. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік әскери бөлімінің ұйымдастыруымен Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткен «Тәуелсіздік тірегі - Мемлекеттік тіл» атты дөңгелек үстел қатысушыларына облыстық кітапхана «Тіл тәуелсіз болмай, ұлт тәуелсіз болмайды» атты кітап көрмесін ұсынды. Толығырақ...

 


27.09.2016.«Дін бүлікті емес, бірлікті іздейді» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Толығырақ...

 


21.09.2016. Кітапхананың конференц залында Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туғанына 150 жыл толуына орай «Ұлттың алып тұлғасы» атты кітап көрмесі жасақталып, «Әлихан Бөкейханов және бір тұтас Алаш идеясы» тақырыбындағы тарихи танымдық кеш өтті. Толығырақ...

 


20.09.2016.Кітапхана қабырғасында жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері және оқырмандар үшін «Ашық есік» күні оздырылды. Толығырақ...

 


08.09.2016. 8 қыркүйек күні Орал қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Жігерлі жастар» қоғамдық бірлестігі облыстық кітапханамен серіктесе отырып, осы кітапхана жанындағы Жанұя оқу орталығының оқырмандарының оқу мәдениетін насихаттау және орталықтың оқырман құрамын толықтыру мақсатында «Отбасының қызығушылық әлемі» атты отбасы вернисажын және жаңа отбасыларды оқырманға қабылдау салтанатын өткізді. Толығырақ...

 


02.09.2016. Кітапхананың ұйымдастыруымен 2 қыркүйек күні Достық Үйінің конференц залында Чешен ұлтының өкілі, аудармашы Мұхтар Бокаевтың «Чешен-ингуш халықтары ертегілері» кітабының таныстырылымы өтті. Толығырақ...

 


29.08.2016. ҚР ІІМ Батыс құрамасының № 5517 әскери бөлімінде облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің айбарлы Ата Заңы» тақырыбында ақпараттық тақырыптық кеш оздырылды. Толығырақ...

 


22.08.2016. Облыстық кітапханада тарих ғылымдарының докторы, профессор Уахит Хамзаұлы Шалекеновпен кездесу өтті.Толығырақ...

 


10.08.2016. Қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ойшыл, композитор, аудармашы, ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 171 жыл толуына арналған «Абай- дара, Абай-дана қазақта» атты поэтикалық кеш өткізілді. Толығырақ...

 


05.07.2016. Кітапхананың оқу залында Астана күні мерекесіне арналған «Астана – арман қала» атты кең көлемді кітап көрмесі жасақталып, «Астана – мемлекеттің жүрегі» атты тақырыптық кеш өткізілді. Толығырақ...

 


01.07.2016. «Уақыт және кітапхана: БҚО кітапханаларының кітапханалық кеңістігі» тақырыбында өткен кітапхана мамандарының облыстық семинары туралы ақпарат. Толығырақ...

 


29.06.2016. 29 маусым күні Ақтау қаласындағы Абай атындағы қалалық мәдени-демалыс кешенінде Батыс Қазақстан облысының Маңғыстау облысындағы мәденит және өнер күндері аясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» ордені және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығына арналған «Өмір–керуен, өлең-өзен» тақырыбындағы кітап көрмесі жасақталып, «Ақ Жайық. Ақ шағала. Ақұштап.» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Толығырақ...

 


07.06.2016. «Күй - қазақтың қанаты» атты кең көлемді кітап көрмесі жасақталып, күйші-домбырашы, фольклортанушы, ұстаз, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Айтжан Есенұлы Тоқтағанның шығармашылығына арналған «Ұлттық ұлық өнер» тақырыбындағы сазды сағат өткізілді. Толығырақ...

 


07.06.2016. 2016 жылдың 7 маусым күні Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімі Д.Нұрпейісова атындағы №1 Балалар музыкалық мектебінде Славян жазуы мен мәдениеті күніне орай «В начале было слово...» тақырыбында кітап көрмесін өткізді. Толығырақ...

 


04.06.2016. ҚР ІІМ Батыс гарнизонының №5517 әскери бөлімінің акт залында кітапхананың ұйымдастыруымен 4-маусым Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздер елдігімнің тірегі» тақырыбындағы шара оздырылды. Толығырақ...

 


03.06.2016. «Оқитын қала» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Рәміздер күніне арналған «Айбыны асқақ, тұғыры биік – Тәуелсіздік» атты шара өткізілді. Толығырақ...

 


30.05.2016.30 мамыр күні ҚР ІІМ Батыс құрамының № 5517 әскери бөлімінде Ж. Молдағалиев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасы мен әскери бөлім кітапханасы бірлесе отырып Саяси қуғын- сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Жазықсыз жапа шеккендер» тақырыбында тарихи танымдық кеш өткізілді. Толығырақ...

 


27.05.2016.27 мамыр күні облыстық кітапхана ақын, журналист Тамара Михайловна Шабаренинаның 70 жасқа толуына арналған «Я пишу, как дышу…» атты мерейтойлық шығармашылық кешін өткізді. Толығырақ...

 


26.05.2016.«Кесте және тоқу» тақырыбындағы Ақпарат күні өтті. Толығырақ...

 


23.05.2016.ҚР IIМ Батыс құрамасының №5517 әскери бөлімінде кітапхананың ұйымдастыруымен «Дін және қоғам» тақырыбындағы ақпараттық сағат өткізілді. Толығырақ...

 


19.05.2016.19 мамыр күні Жұбан саябағында Дүниежүзілік шылым шегуден бас тарту күніне орай Ж. Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана мен Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен Ж. Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледж студенттері және Жоғары техникалық мектеп оқушыларының қатысуымен «Жас өкпе темекімен ысталмасын» атты акциясы өткізілді. Толығырақ...

 


18.05.2016. 18 мамыр күні Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің «Музыкалық білім беру» мен «Бастауыш білім беру» мамандығының 3 курс студенттеріне «Ел болашағы-білімді ұрпақ» атты тақырыбында «Мамандар күні» болып өтті. Толығырақ...

 


06.05.2016.6 мамыр күні «Батыс» Ұлттық гвардиясы мен ҚР ІІМ Батыс құрамасының № 5517 әскери бөлімінде ҚР Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шараға Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды. Толығырақ...

 


05.05.2016.9-мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында 5 мамыр күні кітапхананың оқу залында «Өшпес ел ерлігі» тақырыбындағы кітап көрмесі мен «Ол күндер ұмытылмайды» атты ардагерлермен дөңгелек үстел басында кездесу кеші өткізілді. Толығырақ...

 


27.04.2016.1 – ші мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Тұғырымыз – тыныштық, тірегіміз - тұрақтылық, тілегіміз - татулық» атты мерекелік шара өтті. Толығырақ...

 


26.04.2016.Кітапхананың конференц залында жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мұқадес Есламғалиұлының 70 жылдығына орай «Қанатты сөз қарымды қаламнан туады» тақырыбында еске алу кеші өтті.Толығырақ...

 


22.04.2016.Кітапхананың оқу залында Ү –ші облыстық «Қадыр оқулары» байқауы өтті.Толығырақ...

 


22.04.2016.Кітапхананың оқу залында «Бір ел – бір кітап» акциясына ел болып оқуға таңдалған ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен кемел ақын Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған кең көлемді кітап көрмесінің таныстырылымы өтті.Толығырақ...

 


22.04.2016.Дүниежүзілік кітап пен авторлық құқық күніне орай 22 сәуір күні «Ашық есік күні» өткізілді.Толығырақ...

 


22.04.2016.22 сәуір күні кітапхана қабырғасында Дүниежүзілік кітап пен авторлық құқық күніне орай «Biblio түн – 2016» - Интеллектуалдық бос уақытты ұйымдастыру әлеуметтік – мәдени акциясы өткізілді.Толығырақ...

 


12.04.2016.Облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің педагогикалық факультетінің оқытушы және студенттерінің қатысуымен университет қабырғасында 1916 жылғы Ұлт азаттық көтерілісінің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған «Шығарма шырайы - шындық» тарихи танымдық кеш оздырылды. Толығырақ...

 


08.04.2016.Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залында 8 сәуір күні «Тарихтан тағылым – рухани мұра» тақырыбында жасақталған кең көлемді кітап көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Толығырақ...

 


08.04.2016. 8 сәуір күні №6 жалпы білім беретін орта мектептің мәжіліс залында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Репродукциалдық қыздар денсаулығы» атты танымдық сағат өтті. Толығырақ...

 


06.04.2016. 6 сәуір күні №6 жалпы білім беретін орта мектеп мәжіліс залында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған «Салауатты өмір салты және жоғарғы сынып оқушыларының стреске қарсы тұра білуі» атты тренинг өтті. Толығырақ...

 


04.04.2016. 4-8 сәуір күндері аралығында Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында кітап қорын сақтау бөлімі кітапхана қорына келіп түскен жаңа әдебиеттерден «Жаңа басылымдар сіздер үшін» тақырыбында көрме таныстырылымы ұйымдастырылды. Толығырақ...

 


01.04.2016. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік тарландары» тақырыбында жастар арасында дөңгелек үстел өткізілді. Толығырақ...

 


30.03.2016. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Біләлұлы Ықсановтың туғанына 100 жыл толуына орай «Артында ізі қалды азаматтың » атты еске алу кеші өтті Толығырақ...

 


27.03.2016. Халықаралық театр күніне арналған «Театр – ой ордасы» тақырыбындағы кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды Толығырақ...

 


18.03.2016. Халықаралық «Абай» клубының «Роллан Сейсенбаев» баспасынан «Ақ Жайық кітапханасы» сериясымен шыққан кітаптардың таныстырылымы және баспагер, жазушы Роллан Сейсенбаевтың «Майдан әндері» шығармасы бойынша моноспектакль қойылымы өтті. Толығырақ...

 


17.03.2016. 17 наурыз күні кітапхананың оқу залында 22-наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесіне арналған «Қош келдің, төрлет Наурыз» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесі шығарылып, «Бақ-берекем, құт-мерекем - әз Наурыз» тақырыбында кітапханалық журфикс шарасы өткізілді. Толығырақ...

 


15.03.2016. 15 наурыз күні ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бағдарламасына орай оқу залында «Дін мен дәстүр – тәрбие кепілі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Толығырақ...

 


11.03.2016. Әдебиетанушы ғалым, қайраткер тұлға, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Абайтануды ғылыми негіздеуші, ұстаз, ақын, жазушы, драматург, аудармашы Қайым Мұхамедхановтың 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Абайтану және Қайым Мұхамедханов» тақырыбындағы шара өткізілді. Толығырақ...

 


10.03.2016. «Кең даланы күймен тербеткен» атты сазды кеш өтті.Толығырақ...

 


04.03.2016. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында, 2016 жылдың 4 наурызы күні Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залында «Аналарды ардақтау асыл дәстүр» тақырыбындағы кітап көрмесі мен «Әйел күннің жылуынан жаралған» атты кездесу кеші өткізілді. Толығырақ...

 


29.02.2016. «Жырлаймын сені, Қазақстан» атты сазды кеш өтті .Толығырақ...

 


29.02.2016. Кітапхананың оқу залында 29 ақпан күні 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай «Бір шаңырақ астында» тақырыбындағы кең көлемді кітап көрмесі жасақталып, «Қазақстан – баршамыздың ортақ Отанымыз» тақырыбында тарихи-танымдық шара өткізілді. Толығырақ...

 


25.02.2016. Ж.Мемлекет және қоғам қайраткері М.Б.Ықсановтың 90 жылдығына арналған «Ардақты есім» атты танымдық кештің өтті. Толығырақ...

 


25.02.2016. Кітапханада 2015-2018 жылдарға арналған Қазақстан Ел бірлігі доктринасының негізгі көрсеткіштерін іске асыру аясында 2016 жылдың 25 ақпан күні кітапханада «Патриоттық сезім - ұлттық рухтың айнасы»  тақырыбында  шара оздырылды. Толығырақ...

 


24.02.2016. Кітапхананың конференц залында «Діни білім - тәрбие бастауы» тақырыбында сұхбат шарасы  өтті. Толығырақ...

 


04.02.2016. Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың оқу залында 4 ақпан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбында жасақталған кең көлемді кітап көрмесінің салтанатты ашылуы болды...Толығырақ...

 


05.01.2016. 5 қаңтар күні Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Қадыр жыры –мәңгілік» атты әдеби кеш өткізілді. Толығырақ...

 


25.12.2015. Батыс Қазақстан облыстық сотының ұйымдастыруымен Ресей және Белоруссия мемлекеттерінен сот органдарының өкілдерінің қатысуымен «Қазақстанның тәуелсіз сот жүйесінің қалыптасуы» тақырыбында Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясының өтуіне байланысты облыстық кітапхана «Сот билігі – тәуелсіз елдің тілегі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.Толығырақ...


10.12.2015. 10 желтоқсан күні Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың оқу залында «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты дөңгелек үстел өткізілді. Толығырақ...


10.12.2015. 10 желтоқсан күні Орал гуманитарлық колледжінде 1 курстың студенттеріне кең көлемде «Білімді ұрпақ – ел тірегі» тақырыбында «Ақпарат күні» болып өтті.Толығырақ...


09.12.2015. 9 желтоқсан күні Батыс Қазақстан индустриалды колледжінде кітапхананың ұйымдастыруымен Халықаралық сыбайлас жемқорлық күніне орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – жарқын болашақтын кепілі» атты кітап көрмесінің таныстырылымы өтті. Толығырақ...


07.12.2015. 7 желтоқсан күні облыстық кітапхананың ҚР ІІМ Батыс гарнизонына қарасты №5517 әскери бөлімінде Тәуелсіздіктің 24 жылдығына, Тәуелсіздікті аңсаған ақын ағамыз Жұбан Молдағалиевтің шығармашылығына арналған «Ақын арманы – Тәуелсіздік» тақырыбында әдеби танымдық кеш оздырылды. Толығырақ...


04.12.2015.4 желтоқсан  күні облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен жалпы білім беретін №6 орта мектепте  «ЖИТС» тапшылығына  қарсы айлығына орай «Живи и дай жить другим» акциясы өтті. Толығырақ...


26.11.2015. Кітапхананың оқу залында 1-желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай «Ерен Елбасы – кемел көшбасшы» тақырыбындағы кітап көрмесінің ашылуы оздырылды. Толығырақ...


25.11.2015. Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және  өнер орталығында, ақын Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы мәдениет саласы үздігі Айтқали Нәріковтің «Тарылмайды өлеңдегі өрісім...» атты шығармашылық кеші   өтті.Толығырақ...


18.11.2015. Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы бірлесе ұйымдастырылған «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында жалпы оқуға таңдалған Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» шығармасы бойынша әдеби танымдық кеш оздырылды. Толығырақ...


17.11.2015. Облыстық қазақ драма театрында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері, ақын Айсұлу Қадырбаеваның шығармашылығына арналған «Жалынды сөздің иесі» тақырыбында кітап көрмесі, «Барып қайт, балам ауылға» атты деби-сазды кеш және «Шың –құз» кітабының тұсауы кесілді.Толығырақ...


13.11.2015.13 қараша күні Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының конференц-залында Қ.Хасанов пен А.Кенжеғалиевтің  «Домбырашы – ұстаз Мұхит Айтқалиев» атты кітабының таныстырылымы өткізілді. Толығырақ...


12.11.2015. Облыстық қазақ драма театрында танымал журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллиннің шығармашылығына арналған «Ердім бір сиқыр қаламға...» атты кітап көрмесі мен  шығармашылық кеші  өтті. Толығырақ...


12.11.2015. Бір ел-бір кітап акциясы аясында қазақтың жазушысы І.Есенберлиннің «Көшпенділер» триологиясын оқу Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана мен колледж кітапханасының ұйымдастыруымен Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжінің оқу залында оздырылды. Толығырақ...


22.10.2015. 21-22 қазан күндері «Кітапхана - халықтың мәдени мұрасын дамыту және сақтау орталығы» тақырыбында кітапхана қызметкерлерінің облыстық семинары өтті. Толығырақ...


21.10.2015. 21 қазан күні кітапханада «Biblioтүн – 2015»- интеллектуалдық бос уақытты ұйымдастыру әлеуметтік-мәдени демалыс Акциясы өткізілді. Толығырақ...


17.10.2015. 17 қазан күні кітапханада ХІХ-ХХ ғасырдағы орыс жазушысы Валериан Павлович Правдухиннің шығармашылығын жақынырақ білу үшін Воронежден немерелері Алексей мен Константиннің біздің қаламызға келуіне байланысты кездесу кеші өтті. Толығырақ...


16.10.2015. 16 қазан күні кітапхананың және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті мамандарының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - бүкіл қоғамның ісі» тақырыбында шара өткізілді. Толығырақ...


12.10.2015. 12 қазан күні облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен ҚР ІІМ Батыс Қазақстан аймағына қарасты № 5517 әскери гарнизонының сарбаздары үшін «Саулық кілті өз қолыңда» атты денсаулық сағаты өткізілді. Толығырақ...


10.10.2015. Кітапханада ақын, журналист ҚР Жазушылар одағының мүшесі Айтқали Нәріковтің «Үлкен үйдің иесі» атты кітабының тұсаукесері болып өтті. Толығырақ...


06.10.2015. 6-9 қазан аралығында кітапханада қабырғасында кітап қорын сақтау бөлімінің ұйымдастыруымен қорға келіп түскен жаңа әдебиеттерден «Жана басылымдар сіздер үшін» тақырыбында көрме таныстырылымы және «Ақпарат күні» ұйымдастырылды. Толығырақ...


05.10.2015. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесі шараларының аясында ақиық ақын Ж.Молдағалиевтің 95 жасқа толуына орай «Жұбан оқулары» өтті. Толығырақ...


29.09.2015. «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» триллогиясын оқуға байланысты әдеби кеш өтті.Толығырақ...

 


25.09.2015. 25 қыркүйек күні Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен, Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің кітапханасы бірлесе ұйымдастырған – Ж.Молдағалиевтың 95 жылдығына орай «Мәңгілік ел идеясы - Жұбан жыры» тақырыбында әдеби танымдық кеш оздырылды. Толығырақ...


23.09.2015. 23 қыркүйек күні облыстық кітапханада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті мамандарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - баршының міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Толығырақ...


22.09.2015. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қоғам қайраткері, ақын Ж.Молдағалиевтың 95 жылдығына орай өткізілетін «Мәңгілік ел» идеясы және «Мен –қазақпын» поэмасындағы астарлы ақиқат» тақырыбында өткен дөңгелек үстел өтті. Толығырақ...


22.09.2015. Ж.Молдағалиев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы 22-кыркүйек күні Қазақстан Республикасының тілдер күніне орай «Мақсат» медициналық колледжде «Ел мәдениеті тілден басталады» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды Толығырақ...


18.09.2015. «Тұрақтылық тұғыры – татулық» тақырыбындағы дөңгелек үстел өттіТолығырақ...

 


16.09.2015. 2015 жылдың 16 қыркүйек күні Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының концерт залында Шоқан Уалихановтың туғанына 180 жыл толуына орай «Шоқаны бар ел-шоқтығы биік ел» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Толығырақ...


15.09.2015. 15 қыркүйек күні «Поэзияның заңғар жыршысы» тақырыбындағы online әдеби кеші өтті.Толығырақ...

 


28.08.2015. 2015 жылдың 28 тамызы күні сағат 15.00-де Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен, ҚР IIМ Батыс құрамасының №5517 әскери бөлімінің кітапханасы бірлесе ұйымдастырған – Қазақ хандығының 550 жылдығы және ҚР Конституцияның 20 жылдығына орай «Мемлекет тірегі – Ата Заңым» тақырыбындағы шара оздырылды.Толығырақ...


26.08.2015. 2015 жылдың 26 тамыз күні Бөкейорда ауданы Ханордасы ауылында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарих қойнауынан қазіргі заманға дейін» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы –Қазақ хандығы» тақырыбындағы кітап көрмесі ұйымдастырылды.. Толығырақ...


10.08.2015. Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толуына арналған «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла....» тақырыбында өткізілген поэтикалық дежа-вю туралы ақпарат Толығырақ...

 


27.06.2015. 2015 жылдың 27 маусым күні Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет пен өнер орталығының ашылу шаралары өтті. Толығырақ...

 


18.06.2015. 18 маусым күні «Мәдени айлық аясында» кітапхананың ұйымдастыруымен «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Орал медициналық әлеуметтік  мекемесінде кітапхана қорындағы газет - журналды таныстырып, оқуға тарту мақсатында «Жаңа мерзімді басылымдар таныстырылымы» оздырылды. Толығырақ...


16.06.2015. 16 маусым күні «Оқитын қала» жобасы аясында кітапхананың ұйымдастыруымен оқырмандарды, қала тұрғындары мен қонақтарын газет, журнал оқуға тарту мақсатында «Жаңа мерзімді басылымдар таныстырылымы», «Өзің оқысаң - өзгеге табыс ет» буккроссинг (кітап айналымы) оздырылды. Толығырақ...


22.05.2015. 22-мамыр күні сағ.15.00-де Батыс Қазақстан облысының  мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен  Ғ. Құрманғалиев атындағы филармонияның кіші залында ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, танымал прозаик, журналист, қалалық «Жайық үні» газетінің Бас директоры Мира Хамзақызы Шүйіншәлиеваның  «Інжу сөзге іңкәрлік» атты оқырмандармен кездесу кеші өткізілді. Толығырақ...


14.05.2015. 2015 жылдың 14 мамыр күні сағат 15.00-де Ж. Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы» аясында «Қазақстан халқы Ассамблеясы – халықаралық келісім мен ішкі саясат тұрақтылығының  кепілі» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХII  сессиясының делегаттарымен кездесу өтті. Толығырақ...


13.05.2015. 2015 жылдың 13 мамыр күні сағат 10.00-де  Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Орал қаласының әкімдігі және Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның концерт залында  Алаш қайраткері, ойшыл ақын, ағартушы  Ғұмар Қараштың туғанына 140 жыл толуына «Ғұмар Қараш – тарихи тұлға» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. Толығырақ...


06.05.2015. 2015 жылдың 6 мамыр күні  «Батыс» Ұлттық гвардиясының  5517 әскери бөлімінде ҚР Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шараға Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды. Толығырақ...


05.05.2015. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына - «70 ізгілікті іс» жоба аясында облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен қала кітапханалары арасында өткізілген «Жақсы кітап. Қайырымды іс. Мейірімді есім» акциясының қорытынды шарасы. Толығырақ...


04.05.2015. 4 мамыр күні  Ғ. Құрманғалиев атындағы филармонияның залында Ж. Молдағалиев атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен  Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына орай «Полиграфсервис» баспасынан жарыққа шыққан тарих ғылымдарының кандидаты Б.С. Боранбаеваның «Ұлы Отан соғысына қатысқан Батыс Қазақстан облысының қазақ қыздары» атты ғылыми зерттеу кітабының таныстырылымы өтті. Толығырақ...


29.04.2015.Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Орал қаласы әкімдігі, Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Ж. Молдағалиев атындағы облыстық кітапхананың бастамасымен Қазақстан Республикасында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығын мерекелеу қарсаңында Орал қаласындағы  кітапханалардың қатысуымен «Оқитын автобус» жобасы аясында «Ата ерлігі – ұрпақ жадында» тақырыбында №5 қалалық автобуста  Акция өтті. Толығырақ...


28.04.2015. 28 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының  мәдениет, мұрағаттар   және құжаттама басқармасы, Орал қалаcының әкімдігі қолдауымен, Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен  ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығын насихаттауда  ІҮ облыстық «Қадыр оқулары» байқауы өтті. Толығырақ...


23.04.2015.23 сәуір күні сағат 11.00-де Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың оқу залында Бүкілдүниежүзілік Кітап және авторлық құқық күніне орай «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер»  романын оқуға байланысты Акцияның ашылуы өткізілді. Толығырақ...


16.04.2015. Ж. Молдағалиев атындағы ОӘҒК-сы ақпараттық-библиографиялық бөлімнің ұйымдастыруымен 2015 жылдың 16 сәуір күні сағат 10-00 – де М.Өтемісов атындағы «Мәдениет және өнер факультетінің», «Мәдени – тынығу жұмысы» мамандығының 3 курс студенттеріне «Салт-дәстүр – халық мұрасы» атты тақырыбында «Мамандар күні» болып өтті. Толығырақ...


15.04.2015. 15 сәуір  күні  Ж. Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Біз–Жеңістің мұрагерлеріміз» атты ерлік сабағы №6 ЖОББМ залында өткізілді. Толығырақ...


08.04.2015. 8 сәуір күні ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің 80 жылдығына орай ақынды еске алып, оның шығармашылығын, өршіл өлеңдерін жас ұрпаққа насихаттау мақсатында Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы әкімдігінің бастамасымен «Сөз сарайынан маржан терген – Қадыр» тақырыбында Оn-line конференция өтті. Толығырақ...


18.03.2015. 18 наурыз күні Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Наурыз мерекесіне орай «Наурыз - дүйім елге дүбірлі мереке» тақырыбындағы іс-шара өтті. Толығырақ...


14.03.2015. 14 наурыз күні Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен мен  №5517 әскери гарнизоны бірлесіп ұйымдастырған  Ұлы Отан соғысы  Жеңісінің 70 жылдығына  орай  «Біз Жеңістің мұрагерлеріміз» тақырыбындағы ерлік тағылымдары шарасы оздырылды. Толығырақ...


05.03.2015. 5 наурыз күні 8 наурыз Халықаралық Әйелдер мерекесіне орай кітапхананың өнер жөніндегі құжаттар секторы ұйымдастыруымен кітапхана мамандары арасында «Кітапхана ханшайымы» байқауы өтті. Толығырақ...


04.03.2015. 4 наурыз күні сағат 15.00-де Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  Ұлы Отан соғысы  Жеңісінің 70 жылдығына  және Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Арулар отты жылдарда» тақырыбындағы әдеби танымдық кеш оздырылды.Толығырақ...


02.03.2015.2015 жылдың 2 наурыз күні 15.00-де Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Жеңістің 70 жылдығына орай «70 ізгілікті іс» акциясы аясында «Жақсы кітап. Қайырымды іс. Мейірімді есім» акциясы мен «Ұлы ерлікке тағзым» тақырыбындағы кітап көрмесінің ашылуы өткізілді. Толығырақ...


25.02.2015.Қазақтың ұлы ақыны, композитор, аудармашы, философ, ағартушы, қоғам қайраткері  Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толуына арналған  «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» атты әдеби-сазды кеш өтті. Толығырақ...


14.02.2015. Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының “Қазақстан ардагерлері” қауымдастығы төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, II дәрежелі «Айбын», “Құрмет”, “За заслуги”, “Долг и честь” ордендерінің кавалері Бақытбек Смағұлмен «Жастығын жалын шарпығандар» атты кездесу кеші өтті. . Толығырақ...


12.02.2015. Ақын, сатирик, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Аманкелді Шахиннің  «Жүрек қылын шертеді...» тақырыбындағы  шығармашылық кеші өтті. Толығырақ...


06.02.2015. Ж. Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның ұйымдастыруымен Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нің фойесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының салтанатты ашылуына орай «Ұлт достастығы – ұлылықтың бастауы» атты кітап көрмесі шығарылды. Толығырақ...


27.01.2015. 27 қаңтар күні ақын Қадыр Мырза Әлиді еске алып,  оның отты жырларын жас ұрпаққа  насихаттау мақсатында облыстық Отбасы үлгісіндегі балалар үйінде «Қазақтың Қадірін оқимыз» акциясы аясында «Талант тағылымы» атты әдеби кеш оздырылды. Толығырақ...


23.01.2015. Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің Батыс горнизоны №5517 әскери бөлімінің және  Ж. Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның бірігіп ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ хандығының мерей тойы - тарихи зерттеулердің нәтижесі» тақырыбында танымдық слайд шоумен кітап көрменің  таныстырылымы өткізілді. Толығырақ...


05.01.2015. «Қазақтың Қадырын оқимыз» тақырыбында  Акция аясында Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Өлең сөздің зергері – Қадыр  ақын» тақырыбында шара өтті. Толығырақ...