KAZ | RUS

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Білім күніне орай Қазақстан бойынша «Рухани жаңғыру және білімді ұрпақ» жалпыреспубликалық Ашық есік күнін жариялады. Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана да осы шараға белсене қатысып, 2 қыркүйек күні кітапханамызда Ашық есік күнін өткізді.

1қыркүйек –Білім күні. Қазақстанның әрбір азаматы – студент жастардың және мектеп жасындағы балалардың өміріндегі елеулі күн. Білім күні кітапханалардың орны ерекше. Осыған орай Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан бойынша «Рухани жаңғыру және білімді ұрпақ» жалпыреспубликалық Ашық есік күнін жариялады.
Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана да осы шараға белсене қатысып, 2 қыркүйек күні кітапханамызда Ашық есік күнін өткізді. Бұл шараға қаламыздағы №6 ЖОББМ-нің 10, 11 сынып оқушылары қатысып, кітапханамен және оның қызметімен танысты. Астана қаласымен онлайн байланысқа шығып, ұлттық академиялық кітапхана директоры Ү.Мұңалбаеваның құттықтауын тыңдады.