KAZ | RUS

«Отбасы күні» мерекесі аясында кітапхананың «Отбасы оқу орталығы» оқырмандарымен ақын Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қайрат Жұмағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінен «Балалар әдебиетінің бағбаны» атты балаларға арналған өлеңдерінен поэзия кешін өткізді.

Мақсаты: Балаларды ақынның шығармашылығымен таныстырып, шығармалары арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, мейірімділікке, туған елін құрметтеуге, ізгілікке тәрбиелеу. Кеш барысында оқырман назарына ақын шығармашылығынан «Қаламы қайратты ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, бейнероликті ұсынды. Шараға кітапхананың отбасымен оқитын тұрақты оқырмандар Байтеновтер, Қадыровтар жанұясы өздерінің отбасы туралы, ата- аналары балаларына кітапқа, кітап оқуға деген қызығушылықтарын кітап оқу арқылы үйрететіндігін, оларға жан-жақты, білімге құштар етіп өсіруге тәрбиелейтіні туралы әңгімелесе, М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ – нің PhD докторы, аға оқытушы Г.Е.Дүйсенбина ақын ағамыздың шығармашылығы туралы, соның ішінде балаларға арналған туындыларының тақырыбына кеңінен тоқталды.
Ақынның «Алтын күз», «Жауын» өлеңдерін №42 «Ақ ниет» гимназиясының 3 сынып оқушысы Бахтияр Мержан мен №46 «Ақжайық» балабақшасының тәрбиеленушісі Бахтияр Ералхан, «Сенбі күні», «Ақтиін» өлеңдерін №40 ЖОББ мектептің 2 сынып оқушысы Тұрмағамбет Назерке, №16 «Лесная сказка» балабақшасының тәрбиеленушілері Оралбайқызы Арайлым, Гайдай Захар, Малқайдар Али «Түйе, түйе, түйелер», «Байтерек» өлеңдерін, Абылова Айымгүл, Дәулеткереева Ақлимажан, Қожантай Гүлназ «Қай бала әдемі?», «Маралдың бесік жырын» «Айшаның бесік жырын» өлеңдерін оқып берді Ақынның «Анашым» әнін № 2 жалпы білім беретін мектептің 8 сынып оқушысы Қырымбек Зейнетов орындап берді. Кеш оқырман көңілінен шықты.