KAZ | RUS

2017 жылы 12 қыркүйек күні Ақжайық ауданынының Ақжайық аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Цифрлы Қазақстан: Кітапхана дамуына жаңа серпін» Батыс Қазақстан аймақтық кітапханашылар форумы өткізілді.

2017 жылдың 12 қыркүйек күні сағ.9.00-де Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының, Ақжайық ауданының әкімдігінің, Ақжайық аудандық мәдениет және тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Цифрлы Қазақстан: Кітапхана дамуына жаңа серпін» Батыс Қазақстан аймақтық кітапханашылар форумы өткізілді. Аймақтық кітапханашылар форумына еліміздің Батыс өңіріндегі Ақтөбе, Атырау облысының кітапхана мамандары, сондай-ақ форум аясында Алашқа әйгілі ақын, ғалым, Ақжайық өңірінің аяулы перзенті Сағынғали Сейітовтің 100 жылдық мерейтойына орай өткізілген іс-шараларға ақынның аяулы перзенті Дидар мен Дильбар Сағынғалиқыздары, композитор, жазушы, музыка танушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ілия Жақанов қатысты. Форумда «Цифрлы Қазақстан: Кітапхана дамуына жаңа серпін» пленарлық отырысы өтті. Пленарлық отырыста «Облыстық кітапхана-өлкеміздің ақпараттық инновациялық мәдени орталығы», «Цифрлық дәуір: Қазақстан кітапханаларындағы жаңа мүмкіндіктер», «Рухани жаңғыру–рухани кеңістігіміздің жаңа жаңғыруының нышаны», «Тарихи өлкетану жұмыстары және оларды ұйымдастыру», «Өлкетану қорын цифрлық форматқа көшіру: толықмәтінді мәліметтер базасын жасақтаудың қазіргі жағдайы мен келешегі» тақырыптарында баяндамалар оқылды.
Форум аясында ақын, ғалым С.Сейітовтың 100 жыл толуына орай аудандық ОКЖ-де бюст ашылып, «Сұлу сөздің сардары» атты әдеби биеннале өтті. Әдеби биенналеде ақынның қызы Дидар Сағынғалиқызы, композитор, жазушы, музыка танушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Ақжайық ауданының «Құрметті азаматы» Ілия Жақанов , Алашқа белгілі ақын, Қазақстан жазушылар одағының хатшысы Ғалым Жайлыбай, Құрмет орденінің иегері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері. Ақжайық ауданының Құрметті азаматы Ақұштап Бақтыгереева, Ақжайық ауданы әкімі Жоламанов Әділ Тауфикұлы, Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мұсағалиев Қадырболат Қабдырұлы қатысты. Сондай-ақ «Сұлу сөздің сардары" атты С.Сейітовтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған аймақтық (Батыс Қазақстан облысы, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау) байқау қорытындыланып, жеңімпаздары марапатталды. Форумға аймақтық облыс кітапханалары, облыстық, аудандық ОКЖ кітапхана мамандары, ауылдық кітапхана және мектеп кітапханашылары қатысты.