KAZ | RUS

«Қазақстан - Орал» телеарнасының тікелей эфирдегі танымдық-сазды «Күншуақ» бағдарламасына облыстық кітапхана қызметкерлері мен оқырман жастар қатысты.

2017 жылдың 14- ші қыркүйек күні «Қазақстан - Орал» телеарнасының тікелей эфирдегі танымдық-сазды «Күншуақ» бағдарламасында «Әдебиет – рухани қазынаның алтын діңгегі» тақырыбындағы хабар эфирге шықты. Хабарға Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың қызметкерлері, тұрақты оқырмандар және бірінші курс студенттері қатысты.
«Күншуақ» танымдық –сазды бағдарламада алдымен 6-12 кыркүйек күндері аралығында кітапханада өткен Ашық есік күнінің өту барысы туралы кітапханашылар әңгіме өрбітіп, оған қатысқан І курс студенттері Сисенова Динара мен Альбетьяров Бауыржан сол күндері алған әсерлерімен бөліссе, кітапхананың белсенді оқырмандары Пахман Назгүл, Сатқан Нұрсұлтан, Есен Айжарқындар кітапханада өткізілген әр шарадан өздеріне тәлім-тәрбие алып, көп нәрсенің шешімін табу үшін кітаппен сырласатындықтарын жеткізді. Бағдарлама барысында кітапхананың қызметі, оқырмандармен жұмыс барысы, жаңа жобалар туралы айтылып, хабар тікелей эфирде өткендіктен кітапхана қызметкерлері көрермендердің жолдаған сұрақтарына жауап берді.