KAZ | RUS

«Ақжайық» шипажайында «Жолаушы, жолға кітап ал!» жобасы аясында «Жақсы кітап – жанға серік» тақырыбында көпшілік қызығып оқитын кітапты жаңа технологияны пайдалана отырып, QR-коды арқылы жүктеп, демалушыларға оқуға ұсынылды.

15 қыркүйек күні «Ақжайық» шипажайында «Жолаушы, жолға кітап ал!» жоба аясында «Жақсы кітап – жанға серік» тақырыбында кітапхана қорындағы ең көп оқылатын, белгілі қазақ және өлкенің әдебиет өкілдерінің кітаптарын электронды нұсқаға айналдырып, QR-code reader арқылы ұялы телефон немесе планшетке жүктеп алып демалған кезде оқуға ұсынып отыр. Болашақта бұл жоба демалушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттырумен қатар, бос уақытын тиімді пайдалануға жол ашады. Жобаның мақсаты - ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, бар білімнің бастауы – кітап екендігін қоғамның әрбір мүшесіне түсіндіру мақсатында бірлесе қызмет атқару арқылы еліміздің рухани дамуына үлес қосу. Цифр¬лы дәуірде қағазсыз технология басым¬дыққа ие болып отырғандықтан, оқыр¬ман¬дардың ақпарат көздеріне ашық әрі ке¬дер¬гісіз қолжеткізуді қамтамасыз ету, кітап оқуға деген ынтасын ояту және Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Ақжайық» шипажайында көпшілік қызығып оқитын кітапты жаңа технологияны пайдалана отырып, QR-коды арқылы жүктеп, демалғанда оқуға мүмкіндік беру.
Жобаның өту барысында кітапхана директорының орынбасары Сара Көшәліқызы «Ақжайық» шипажайының директоры Қайдар Базарғалиұлына «Жақсы кітап – жанға серік» атты стендіні қоюға көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді. «Жолаушы, жолға кітап ал!» жобасы бойынша шығарылып отырған «Жақсы кітап – жанға серік» атты стендіде демалушылардың назарына қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері – А.Құнанбаевтың, С.Торайғыровтың, М.Әуезовтің, Ж.Молдағалиевтің, С.Мұратбековтің, М.Мақатаевтың т.б. шығармалары ұсынылды. Кітап авторлары 3 ай сайын ауыстырылып отырады.