KAZ | RUS

Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының және Батыс Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Орал қаласының Достық үйінде мемлекеттік мекемелер, діни бірлестіктер, этномәдени орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен Рухани келісім күніне арналған «Рухани келісім - халықтар бірлігіне бастар жол» тақырыбында мерекелік шараға қатысушылар назарына облыстық кітапхана «Имандылық ынтымақ негізі» тақырыбында кітап көрмесі ұсынды.

Шараның мақсаты – Рухани келісім күнін атап өту арқылы мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің және этномәдени орталықтардың өкілдерін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, соның ішінде бес реформаның бірі – біртектілік пен бірлікті нығайтуда және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша өзара бірлесіп әрекет етуге шақыру.
Кездесуге қатысушылар бүгінде елімізде азаматтардың наным – сенім бостандығына кепілдік берілетіндігі, олардың дінін, тілін, мәдениеті мен салт -   дәстүрлерін құрметтеу жөнінде кешенді іс – шаралар қолға алынатындығы жөнінде сөз қозғады.
Облыстық кітапхана кітап қорындағы әдебиеттерден «Имандылық ынтымақ негізі» тақырыбындағы кітап көрмесі жасақталды. Қатысушылар көрмеге қойылған  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын, «100 нақты қадам Ұлт жоспары» бағдарламасымен, тақырыпқа келетін әдебиеттермен, діни- танымдық журналдармен және Жастар шығармашылығы орталығының балалары салған суреттерімен танысты.