KAZ | RUS

Облыстық кітапхана және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогикалық факультетті кітапханасының бірлесе ұйымдастыруымен Сырым Датұлының 275 жылдық мерейтойына арналған «Қол бастаған – көсем, сөз бастаған шешен» тақырыбында тарихи танымдық кеш өткізілді.

         Мақсаты: Оқырман қауымға, студенттерге отаршылдық езгіге қарсы күрес туын көтеріп, мемлекеттің тәуелсіздігін сақтау үшін күрескен әрі көсем, әрі шешен батыр бабамыз С.Датұлы туралы,  1783-1797  жж Кіші жүздегі шаруалар қозғалысының себептері туралы, оның тарихи маңызы, қозғалыс басшысы туралы тарихи білім беріп, жас ұрпақты патриотизмге, отанын сүюге және шешендік өнерге баулу
          Кешке Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тарих және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, өлкетанушы Сулейменов Сайлау Хамитұлы және тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Құрманалин Самат Бақытжанұлы және аталмыш оқу орны тарих факультетінің бірінші және екінші курс студенттері қатысты.
         Кітапхана қызметкерлері кітап көрмесін ұйымдастырып, батыр туралы бейнероликті қонақтардың  назарына ұсынды