KAZ | RUS

Кітапхананың конференц - залында ақпараттық-библиографиялық бөлім мектеп кітапханашыларына арналған «Ақпарат күні» аясында «Цифрлық білім беру ресурстары жинағы» атты веблиографиялық көрсеткіштің таныстырылымын өткізді.

    Бұл веблиографиялық көрсеткішке Республикалық ЖОО-ның Электронды Кітапханасы (RMEB), «Қазақстанның ашық кітапханасы», «Білімпаз», «Мәдени мұра»: ұлттық жобаларының сайттарындағы ақпараттар енгендігі туралы мәлімет берілді.
         Сондай-ақ «Ұлттық сандық тарих» интернет-порталы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің толық мәтінді электронды мәліметтер қорын жариялайды. Веблиографиялық көрсеткіш библиографтар мен олардың пайдаланушылары үшін маңызды дерек көзі болып табылады. Олар кітапханалық қызметін пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру  және ақпаратпен толық қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді.  
Іс – шарада Орал қаласының білім беру бөлімі мектеп кітапханаларының әдіскері А.А. Бегалиева «Мектеп кітапханасында ақпарат мәдениетінің орталығын қалыптастыру» жайында өз ойын білдірсе, шара аясында «Мерейтойлар кітабы-2018 жыл» тақырыбындағы мультимедиалық күнтізбе таныстырылды,  «Кітапхана ұсынады» атты кітапхана ісі бойынша әдістемелік кітаптар көрмесі және сауалнама жүргізілді.