KAZ | RUS

Салтанат сарайының конференц-залында өткен Алаш қозғалысының және Алашорда үкіметінің 100 жылдығына арналған «Алаштан тәуелсіздікке және Қазақстанның ұлттық бірігуіне» атты халықаралық ғылыми конференция қонақтарына облыстық кітапхана «Кешегі Алаш идеясы – бүгінгі тәуелсіз Қазақстан » атты кітап көрмесін ұсынды

Конференция жұмысына Ресей, Өзбекстан, Жапония, Қазақстан ғалымдары қатысады.  Олардың арасында Уяма Тамахико – профессор (Жэапония), Д.А.Аманжолова- Ресей Ғылым академиясының Ресей тарих институтының жетекші ғылыми  қызметкері, т.ғ.д, профессор (Мәскеу қаласы, Ресей ), В.В.Рысқұлов – Тұрар Рысқұловтың ұрпағы (Мәскеу қаласы, Ресей), К.К.Раджабов – Өзбекстан Ғылым академиясы Тарих институты, т.ғ.д., профессор (Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы), В.С.Христофоров – РҒА мүше-корреспонденті, профессор, Ресей Ғылым академиясының Ресей тарих институтының бас ғылыми  қызметкері, Жүсіп Сұлтанхан Аққұлұлы – Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінің «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры, PhD  докторы және басқалары бар. Сонымен қатар өлкетанушылар, ардагерлер, ғалымдар мен жоғарғы оқу орындарының оқытушылары және бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.
Конференция жұмысында Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің методологиялық принциптерін зерттеудің, тарихтың, тарихи жылнаманың, тарихи деректанудың өзекті мәселелері талқыланды. Ғалымдар өз баяндамаларында конференция жұмысының негізгі бағыттары бойынша жүргізілген жаңа зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ортаға салды.
Аталмыш конференцияға Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Кешегі Алаш идеясы – бүгінгі тәуелсіз Қазақстан » атты кітап көрмесін ұсынды. Кітап көрме 3 бөлімнен құралып, оқырман назарына 110 кітап пен 15 мақала ұсынылды.