KAZ | RUS

Кітапхананың көрме залында Өлкетану әдебиеттері бөлімінің жанынан құрылған «Әдеби шаңырақ» жобасының ұйымдастыруымен «Шабыт көкжиегінде» атты жас ақындардың кездесу кеші өтті.

            Шараға облысымызға танымал айтыскер ақындар Талғат Мықи, Айнабек Бисенғалиев, «Ақберен» жас ақындар мектебінің мүшелері, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің жас ақындары, КАЗИИТУ-нің студент жастары  қатысты.
          Кеш барысында  жас ақындар Шығыров Асланбек, Қалижан Еркеназ, Ғинаят Жанерке, Пахман Назгүл, Төлеуов Мадияр өз туындыларын көрермен назарына оқып әртүрлі тақырыптарға өлең жазу шеберліктерін шыңдаудағы жолы туралы ойларын айтты. Айтыскер ақындар Талғат Мықи, Айнабек Бисенғалиев сахнада айтысу шеберліктері туралы айта отырып,  қызықты оқиғаларымен бөлісті. Отырыс барысында ақындарға түрлі сауал қойылып, «Жас қалам» атты шығармашылығын дәріптейтін тапсырма өткізілді.
          Кеш соныңда ақындарымыз алдағы күндерге жоспар құрып, өз ұсыныстарын айтты.
          Осы кешке орай  «Поэзия - көңілден шыққан сырлы сөз» атты кітап көрмесі жасақталды.