KAZ | RUS

Кітапхананың оқу залында 29 ақпан күні 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай «Бір шаңырақ астында» тақырыбындағы кең көлемді кітап көрмесі жасақталып, «Қазақстан – баршамыздың ортақ Отанымыз» тақырыбында тарихи-танымдық шара өткізілді.  

29-шы ақпанда сағат 15.00-де Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның үлкен залында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың  өнер бөлімі және Құрманғазы атындағы саз колледжінің бірлесе отырып дайындаған «Сиқырлы әуен әлемі» мәдени-ағарту жобасы  аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығы қарсаңында «Жырлаймын сені, Қазақстан» атты сазды кеш өткізілді. 
        Адам  баласының өмірінде өнердің, оның ішінде музыканың алатын орны ерекше.Тарихта болған талай ұлы адамдар, өздерінің адам игілігіне қалдырып кеткен ұлы істері үстінде еш уақытта өнерден алыс кетпеген. Олар өнердің, оның ішінде музыканың адам мінезін тәрбиелеуде, адам санасына әсер етуде үлкен рухани құрал екенін түсінген  және сол пікірлерін кейінгіге мирас еткен.    
Мақсаты – классикалық,  дәстүрлі және заманауи музыканы насихаттау,  жастардың азаматтық-патриоттық сезімін қалыптастыру,  мәдени игіліктерге,  музыкаға, жалпы өнерге  деген құштарлықтарын ояту. 
Шараға Құрманғазы атындағы Орал саз колледжінің  студенттері: халықаралық  конкурстардың лауреаты Г. Шурина, Риза Магзум, республикалық конкурстардың лауреаты Ж. Рыскелдин, дельфи ойындарының лауреаты Е. Шарипов және осы оқу орнының ұстаздары қатысты. Кеш барысында күйші сазгерлер Құрманғазы Сағырбайұлының, Тәттімбет Қазанғапұлының күйлері мен А.Жұбановтың, Қ.Мусиннің, Б. Дәлденбаевтың туындылары орындалды.

Филормония фойесінде  осы кешке арналған  «Тұғыры биік Тәуелсіздік»  атты кітап көрмесі ұсынылды.