KAZ | RUS

Кітапхананың оқу залында «Мирас» танымдық клубының тұсаукесері және «ЭКСПО – жаңғырудың қозғаушы күші» атты пікірталас отырысы өтті.

Пікірталас отырысының мақсаты: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау аясында, жастардың кәсіби шеберлігін қолдау және дамыту, сауаттылықтарын арттыру, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру бағытында құрылып отырған «Мирас» танымдық клубының тұсаукесерін өткізу және Ережесімен таныстыру. «ЭКСПО- 2017» көрмесі біз үшін үлкен мүмкіндік, көрмені өткізу Қазақстан үшін халықаралық деңгейде алға жылжуында үлкен қадам болды. «ЭКСПО-2017» көрмесі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік ресурстарын шоғырлануға мүмкіндік берді. ЭКСПО кезінде әлемнің түпкір-түпкірінен келген ең жаңа, заманауи технологиялар көрмеге қойылып, олардың жұмыс істеу принциптері көрсетілді. Сол арқылы біз жаңа технологиялар мен техниканың қай бағытта, қалай дамып бара жатқанына куә бола отырып, өз еліміз бен дамыған елдердің арасындағы технологиялық прогрестің айырмашылығын біліп, өз-өзімізді бағамдаймыз.
Пікірталас барысында оқу залы секторының жетекшісі А.Б. Жұмақаева, танымдық клуб Ережесімен таныстырып өтсе, модератор Н.Н.Сақтағанов, тарих пәнінің мұғалімі Қ.Бекболатұлы, ЖОО мұғалімдері мен студенттері ЭКСПО халықаралық көрмесіне катысып келгендіктері туралы ойларымен, естеліктерімен бөлісіп, көргендерін айтып өте қызық отырыс өтті. ЭКСПО туралы бейнебаян көрсетіліп, «ЭКСПО-2017» - елдіктің ерен жеңісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Пікірталас отырысына кітапханашылар, ЖОО және арнаулы орта оқу орындарының мұғалімдері мен студенттері, «ЭКСПО» халықаралық көрмесіне катысып келген студенттер қатысты.