KAZ | RUS

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» мақаласы аясында Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Орал қаласының әкімдігінің қолдауымен «Жолаушы, жолға кітап ал!» жобасы аясында қаламыздағы «Е.Пугачев» аялдамасында электронды кітаптарды оқуға ұсынды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» мақаласы аясында Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Орал қаласының әкімдігінің қолдауымен «Жолаушы, жолға кітап ал!» тақырыбындағы жоба аясында кітапхана қорындағы ең көп оқылатын, тілі жатық, белгілі қазақ және шетел, сондай-ақ өз өлкеміздің әдебиет өкілдерінің әдебиеттерін электронды нұсқаға айналдырып, QR-code reader арқылы ұялы телефон немесе планшетке жүктеп алып жол сапарда оқуға ұсынып отыр.
Болашақта бұл жоба жолаушыларды жол сапарында кітап оқуға деген ынтасын арттырумен қатар, бос уақытын тиімді пайдалануға жол ашады. Жобаның мақсаты - ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ, жастарды өнегелілікке, адамшершілікке, елін, жерін, ананың сүтімен дарыған тілін қастерлеуге тәрбиелеуде бар білімнің бастауы – кітап екендігін қоғамның әрбір мүшесіне түсіндіру мақсатында бірлесе қызмет атқару арқылы еліміздің рухани дамуына үлес қосу. Цифр¬лы дәуірде қағазсыз технология басым¬дыққа ие болып отырғандықтан, оқыр-ман¬дардың ақпарат көздеріне ашық әрі ке¬дер¬гісіз қолжеткізуді қамтамасыз ету, кітап оқуға деген ынтасын ояту және Мемлекет басшысының 2017 жылдың 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында тоғыз жолдың торабын қосатын Орал қаласындағы теміржол вокзалында, аэропортта, автобекетте, аялдамаларда көпшілік қызығып оқитын кітапты жаңа технологияны пайдалана отырып, QR-коды арқылы жүктеп, жол сапарында оқуға мүмкіндік беру. Бұған дейін акция шеңберінде таңдалып алынған үздік әдебиеттердің электрондық нұсқалары қаламыздағы теміржол вокзалы мен автобекетте қойылған болатын.