KAZ | RUS

Пайдалану ережесі

Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасының қызметін  пайдалану
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер
1.1. Кітапхананы пайдалану ережесі ҚР Конституциясы, «ҚР Мәдениет туралы» заңы, ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің «Қазақстан Республикасындағы кітапхана мекемелерінің қызметі туралы Ереже» (2002 ж. 8.05. №118 бұйрық)  және «Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапхана» мемлекеттік мекемесі Жарғысы негізінде әзірленді.
1.2. Кітапхана кітап қорындағы кітаптарды, қолжазбаларды, аудио-бейнежазбаларды және басқа басылымдарды қоғамдық пайдалануды ұйымдастырушы мәдени, ғылыми-ақпараттық мекеме болып табылады.
1.3. Кітапхана өзінің қорын пайдалануды, сақтауды, толық және тиімді жинақтауды қамтамасыз ете алады, мүмкіндігіне қарай, қоғамның экономикалық, саяси-әлеуметтік және рухани өркендеуіне көмек береді, қоғам мүшелерін ақпаратпен қамтамасыз ету үшін жағдай жасайды.
1.4. Кітапхана қоры - Қазақстан Республикасының біріккен кітапхана қорының негізгі бөлігі және мемлекеттің меншігі болып табылады.
1.5 Кітапхана қызметін пайдалану мекеме, кәсіпорын, ұйым және 16 жастан асқан әрбір азаматтарға тиесілі.
1.6 Кітапхана қызметін пайдалану - ақысыз. Қызметтің кейбір түрлері мен  оның төлем мөлшері «Республикалық бюджеті туралы» ҚР Заңдары, ҚР Бюджет кодексі негізінде құрылған облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың «Ақылы қызмет көрсету туралы ережесінің» белгіленген тәртібімен анықталады.
2. Кітапхананы тұтынушылардың міндеттері мен құқығы
2.1 Тұтынушылар құқығы:
- Кітапхананы тұрғылықты жеріңізде, оқуда және жұмыс орныңызда да өз еркіңізбен пайдалануға құқылысыз;
- Кітапхананың оқу залы мен Интернет арқылы көрсетілетін ақпараттық көмекті қолданумен, баспа туындыларын уақытша пайдалану, сондай-ақ, басқа кітапханалардан кітапханааралық абонемент бойынша пайдалану
(тұтынушы есебінен);
- Кітапханада көрсетілетін анықтама-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету мен басқа да ақысыз қызмет түрлерін пайдалану;
- Кітапханада өткізілетін барлық іс-шараларға қатысу:
2.2 Кітапханаға жазылу тәртібі:
- Тұтынушы кітапханаға жазылу үшін төлқұжат немесе жеке куәлігін, және мекен-жайын куәландыратын құжатын беру қажет, ол болмаған жағдайда жұмыс не оқу орнынан, не тұрғылықты жерінен анықтама құжатты ұсынады, одан бөлек тіркеу карточкасын толтыруға қажетті өзге де өзі жайлы мәлімет беруіне болады.
- Оқырмандарға бөгде тұлғаға беруге тыйым салынған оқырман билеті бойынша қызмет көрсетіледі.
-  Билетті жоғалтқан жағдайда, оның құнын төлеу арқылы қайта алынады.
-  Жергілікті тіркеуде жоқ азаматтар тек қана оқу залында жұмыс істейді.
- Кітапханаға жазылар алдын оқырман, кітапхана ережесімен танысып, оларды орындайтындығын оқырман формулярына қол қою арқылы растайды.
2.3 Тұтынушылар міндетті:
- Кітапхана қорынан алынған баспасөз өнімдері мен басқа да құжаттарды ұқыпты ұстау, оларға ешқандай белгі түсірмеу, оның беттерін кеспеу әрі майыстырмау, оны кітапханадан алып шықпау;
- Ақпаратқа еркін кіруге мүмкіндік жасалған бөлімдердегі қорлардың орнын бұзбау, каталог пен картотекадағы карточканы алмау;
- Кітапханаға кіргенде сырт киімі мен сөмкесін киімілгішке тапсыруға, бағалы заттары мен ақшасын қалдырмауға, ұялы телефонын өшіріп қоюға міндетті;
- Кітапты пайдаланар алдында мұқият қарап алуға, жыртылған не бүлінген жерін байқаса, дер кезінде кітапханашыға көрсетуге, керісінше жағдайда өз мойнына алуға;
- Кітапханаға кіргенде, деректерді алғанда және кітапхана қызметін талап еткенде оқырман билетін көрсетуге, егер оқырман билетін жоғалтып алған болса, кітапхана қызметкеріне айтуға;
- Кітапхана қорынан алынған кітаптарды ұқыпты ұстауға, олардың сақталуын қамтамасыз етуге;
- Кітапхананың жиһаз- мүліктеріне, компьютер техникасына мұқият қарауға;
2.4.Оқырмандарға рұқсат етілмейді:
- Кітапханаға сырт киіммен, қолшатырмен, портфельмен, іші көрінбейтін пакеттермен және үлкен сумкалармен, азық-түлікпен, фотоаппаратпен, магнитафонмен т.б. кіруге;
- Деректерді және басқа материалдарды — суреттер, микрофильмдер, микроафишалар, аудио-бейне кассеталар, үнтаспалар, СD-RОМ-дар және т.б. кітапханаға алып кіруге;
- Каталог пен картотекада карточкаларды суырып алуға, оларға белгі салуға және ашық кітап көрмелеріндегі кітаптардың орналасу тәртібін бұзуға
- Кітапхана ішінде шылым шегуге, дауыстап сөйлеуге, күлуге және т.б.
2.5. Оқырмандар жауапты:
-  Кітап қорына зиян келтірген азаматтар ҚР «ҚР Мәдениет туралы» заңына және осы Ережеге сәйкес кітапхана алдында жауап береді.
-  Оқырман тарапынан кітапхана қорындағы баспа шығармаларына зиян келтірілсе немесе жоғалса, сол немесе ұқсас басылыммен ауыстырады, ауыстыра алмаса, кітапхана белгілеген баға бойынша, он есе нарық құны мөлшерін төлейді.
-  Егер оқырман тарапынан кітапхана Ережесі сақталмаса, онда кітапхана қызметін пайдалану құқынан айырылады:
3. Кітапхана міндеті:
- Оқырмандарға кітапхана қызметін пайдалануға ыңғайлы жағдай жасауға.
- Толық мазмұн бойынша және уақытылы  мерзімді  оқырман сұранысын қанағаттандыруға.
- Кітапханалық, библиографиялық, ақпараттық қызметін жаңартып тұру.
-  Оқырмандарға жоғары мәдени қызмет көрсетумен керекті іс-деректерді таңдауға көмек көрсету, олардың каталог, картотека, анықтама-библиографиялық және ақпараттық материалдарды пайдалануға беру, кітап көрмелерін жаңа әдебиеттерді қарайтын көрмелерді және басқа шараларды ұйымдастыру жолын табу;
- Оқырман сұраған деректер жоқ болса, кітаптар аралық абонементпен сұраныс жасау.
- Оқырмандарға берілген басылымдарды уақытылы кітапханаға қайтаруды бақылау.
-  Сұранысы жоғары басылымдарды пайдалануға беру мерзімін қысқарту.
- Бұрын берілген мерзімі аяқталған басылымдарды алған соң ғана келесі басқа басылымдарды үйге беруге болады.
- Оқырмандарға басылымның пайдалану мерзімі аяқталған он күннің ішінде қайтаруын немесе мерзімін ұзартуын еске түсіру. Егер осы айтылған мерзім ішінде басылым қайтарылмаса, оқырманға талап ету хатын жіберу  немесе телефон арқылы ескерту
- Оқырман және абонементтің келісімімен жасалған басылымдардың он есе құны төлемі кітапхана кассасына салынады. Алынған соммаға кіріс ордері жазылып, оқырманға квитанция беріледі.
- Кітапхана қорына келтірілген зияны үшін төленген ақшалай қаражат кітапхана қорып толтықтыруға, басылымдарды түптеуге және т.б. сақтауға қамтамасыз ету шараларына жұмсалады.
- Кітапхана оқу орындары, мектеп, жекеленген мекеме мен ұйымдармен кітапханалық қызмет көрсету бойынша келісім шарт жасайды және алдын ала берілген мекеме, кәсіпорын, оқу орындарының тапсырысы бойынша топтық экскурсия өткізеді.

Кітапхананың  жұмыс кестесі:

Кітапхана тұтынушылар үшін 9.00-ден -19.00-ға дейін үзіліссіз жұмыс істейді.
Сенбі, жексенбі күндері 10.00-нан 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Демалыс күні – дүйсенбі.
Әр айдың соңғы жұмасы күні – тазалық күн.

Анықтама телефоны: 50-04-03