KAZ | RUS

Зерттеулер

Ж. Молдағалиев атындағы  ОӘҒК-да жүргізілген зерттеулер:

1. «Кітапхана оқырмандарына қызмет көрсету сапасының қанағаттандырылуы» әлеуметтік зерттеу (Ж. Молдағалиев атындағы ОҒӘК - 2011 жыл)

2. «Қазіргі ауыл жастарының кітап оқу деңгейі»-сауалнамалық зерттеу (БҚО-ның Шыңғырлау, Сырым, Зеленов аудандық кітапханаларында 2011 жыл)

3. «Кітапханашының кәсіби біліктілігімен ақпараттық мәдениеті» - әлеуметтік зерттеу – (БҚО Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 2012 жыл)

4. «Кітап оқу - рухани құндылық негізі» әлеуметтік зерттеу – (Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК - 2012 жыл)

5. «Кітапхананың абонемент бөлімі оқырмандарының ақпараттық қажеттіліктері» - әлеуметтік зерттеу – 2013 жыл

6. «Кітапхананың кадрлық әлеуеті» әлеуметтік зерттеу – 2013 жыл

7. «Қазақстандағы жалпыға қолжетімді кітапханалардағы жастар кадрлар әлеуеті» сауалнамасының қорытындысы – 2014 жыл

8. «Мәдениет саласында тұрғындарға көрсетілетін қызметтің сапасына қанағаттанушылық деңгейі» (Шыңғырлау ОКЖ-2014ж., Бөрлі ОКЖ- 2015ж., Қаратөбе ОКЖ,Сырым ОКЖ - 2016ж.)

Қазіргі ауыл жастарының кітап оқу деңгейі
тақырыбындағы сауалнамалық зерттеудің қорытындысы

Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы кітап қорының міндеттеріне, оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес келуін жоғарлату мақсатын көздеп  «Қазіргі ауыл жастарының кітап оқу деңгейі» тақырыбындағы сауалнамалық зерттеу жұмысын жүргізді. Зерттеу жұмысына Шыңғырлау, Сырым, Зеленов аудандық кітапханаларынан 54 кітапханашы, 348 оқырман қатынасты. Жауап берген оқырмандардың көпшілігі 14-30 жас аралығындағы  348 оқырманның  116 ер адам, 232 әйел.
54 кітапханашының сауалнамасының қорытындысы:

  1. Кітапхананың толық атауы: Аудандық кітапхана (Сырым, Зеленов, Шыңғырлау)

  2. Тұрғындар санын көрсетіңіз:    

Жалпы тұрғын саны

Соның ішінде 14 пен 30 жас аралығындағы жастар

Осының қаншасы кітапхана оқырманы

Сырым ауданы

15455

4782

3098

Зеленов ауданы

33639

6868

4287

Шыңғырлау ауданы

36854

7779

2911

Барлығы

85948

19429

10296

3. Қазіргі ауыл жастары қандай ақпараттық ізденіс жүйесін қолданады?

Сырым ауданы

  1. Жүйелі каталог-аудандық кітахана
  2. Алфавиттік каталог-11 кітапхана
  3.  Картотекаларды-11 кітапхана
  4. Электронды каталог – аудандық кітапхана және Алғабас ауылдық                        кітапханасы
  5. Интернетті- Аудандық кітапхана оқырмандарының жастар тобы ғана пайдаланады.

Зеленов ауданы              

  1. Жүйелі каталог-3 кітахана
  2. Алфавиттік каталог-10 кітапхана
  3. Картотекаларды-5 кітапхана
  4. Электронды каталог -
  5. Интернетті- аудандық кітапхана

Шыңғырлау ауданы

  1. Жүйелі каталог-13 кітахана
  2. Алфавиттік каталог-7 кітапхана
  3. Картотекаларды - 4 кітапхана
  4. Электронды каталог
  5.  Интернетті-аудандық  кітапхана                
  1. Кітап қорын насихаттауда қандай тілді қолданасыз?

Сырым ауданы: 9 кітапхана қазақ тілін, Правда, Алғабас кітапханалары қазақ және орыс тілін қолданады.
Зеленов ауданы: 3 кітапханақазақ тілін (Владимир,Көшім, Үлкен Шаған), 13 кітапхана қазақ және орыс тілдерін қатар қолданады, ал 2 кітапхана орыс тілін (Чировская, Щапов) қолданады.
Шыңғырлау ауданы: 23 кітапхана қазақ тілін, 2 кітапхана қазақ және орыс тілдерін қатар қолданады.(Аудандық кітапхана, балалар кітапханасы)