KAZ | RUS

Жаңа кітаптар

Новые книги

Қазақ батырлары: Танымдық жинақ / Құраст. С. Қорабай.- Алматы: Айғаным, 2016.- 148 б.- (Ұлы даланың дара тұлғалары). XVI-XIX ғасыр аралығында жаугершілік заманда ерен батырлығымен танылған қазақ батырларының ерлігі туралы мәліметтер топтастырылып, әр түрлі кезекті басылымдар мен шежірелерден, энциклопедиялардан алынып, өңделіп, осы жинақ бетіне шығып отыр. Сол кездегі Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақ Жәнібек батырлармен қоса Саңырық, Шынқожа, Шақантай, Жәпек, Елшібек батырларымыз туралы ақпарат берілген. Осы батырларымыздың елі үшін, жері үшін жан кешіп, аянбай тер төгуінің жемісі – кейінгі ұрпақтың тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп отыруының дәлелі.


Новые книги

Әбдіқұлова Р.М. Жанр және шығарма: Зерттеулер, әңгімелер.-Алматы: Дәстүр.-2016.-288 б. Бұл кітапқа жанр тарихының көне бастауларына шолу жасалады. Кітап зерттеушілер мен мамандарға көпшілік оқырманға арналады.





Новые книги

  Балтабаева Г. Тәуелсіздік кезіндегі қазақ прозасының көремдік әлемі [Мәтін] : повестер мен әңгімелерге шолу, талдау / Г. Балтабаева. - Алматы : Дәстүр, 2016. - 288 б. Кітап соңғы жиырма шақты жыл ішінде жарық көрген повестер мен әңгімелерге шолу, талдау, жүйелеу арқылы қазіргі қазақ прозасының көркемдік болмыс-бітімін байыптауға арналған. Қазіргі қазақ повестері мен әңгімелерінің антропологиялық, виртуальдылық пен мистикалық, орнаментальдық  ерекшеліктерінің төл әдебиетімізден алар орнына, олардың сипатына айқын, нақты түрде алғаш рет теориялық негізде талдау жасалған. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасындағы ұлттық идеяның, жалғыздық, айқай, айна сарынының көркемдік қызметі пайымдалып, поэтикалық мәтін аясында қарастырылған. Кітап жалпы оқырманға арналған.


Новые книги

Бектас Г. Ақиқатын айтқанда... [Текст] : сұхбаттар / Г. Бектас. - Алматы : Асыл сөз, 2016. - 328 б. Журналист Гүлзина Бектастың бұл еңбегіне қазақтың қабырғалы қаламгерлерімен болған сыр-сұхбаттары топтастырылған. Қасым Қайсенов, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев, Сайын Мұратбеков сияқты сөз зергерлерімен болған әңгімелері қызғылықты әрі тартымды оқылады. Ұлттық идея, ұлттық құндылықтар , қазақ әдебиетінің мәселелері туралы да ұлт зиялыларының ойлары ашық айтылған.Кітап қалың көпшілікке арналған.


Новые книги

Адырбекұлы Қ. Жүрек жұтқан: Деректі повесть./ Көлбай Адырбекұлы. – Алматы: Каратау, 2016. – 288 б. Бұл кітап ұрпақты өмірдің ауыртпалығын мойымай көтеруге, шыдамдылық пен төзімділікке тәрбиелейді.