KAZ | RUS

Новые книги

Новые книги

Қазақ батырлары: Танымдық жинақ / Құраст. С. Қорабай.- Алматы: Айғаным, 2016.- 148 б.- (Ұлы даланың дара тұлғалары). XVI-XIX ғасыр аралығында жаугершілік заманда ерен батырлығымен танылған қазақ батырларының ерлігі туралы мәліметтер топтастырылып, әр түрлі кезекті басылымдар мен шежірелерден, энциклопедиялардан алынып, өңделіп, осы жинақ бетіне шығып отыр. Сол кездегі Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақ Жәнібек батырлармен қоса Саңырық, Шынқожа, Шақантай, Жәпек, Елшібек батырларымыз туралы ақпарат берілген. Осы батырларымыздың елі үшін, жері үшін жан кешіп, аянбай тер төгуінің жемісі – кейінгі ұрпақтың тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп отыруының дәлелі.