KAZ | RUS

Новые книги

Новые книги

Ислам Д. Сырлытас [Текст] : өлеңдер / Д. Ислам. - Алматы : Каратау КБ : Дәстүр, 2016. - 320 б. Ақын Д. Исламның «Сырлытас» жинағындағы өлеңдері идеялық ерекшеліктеріне орай «Ай Абыз дертті қозғайды», «Сезімімнің саусақтары жүзіксіз», «Махаббат та ертегі тыңдай білсең/Қиялыңды құндақтар бір шындығы» атты үш бөлімге бөлініп беріліп отыр. Тәуелсіз елдің бақыты, әлеуметтің көңіл күйі, қоғам психологиясының ішкі  иірімдері, шынайы сезімнің нәзік әуендері ұлттық дүниетаным тереңдіктерімен бейнеленуі-ақын өлеңдерінің философиялық  толғаныстар мен концептуальды шешімдер орамына бай келетіндігін көрсетеді. «Сырлытас»  өмірді сүйетін,өміртануға, адамтанымға  ұмтылған жүрек көзі-ақыл сөзі бар барша қауымға арналды.