Ақжайық ауданыimage

 

 

 Ақжайық ауданы— Батыс Қазақстан облысының орталық аймағындағы әкімшілік аудан. 1997 жылға дейін Чапаев ауданы болып аталған.

Жерінің аумағы 13,8 км2. Аудан 1 қалалық, 14 ауылдық әкімшілік округке бөлінеді. Орталығы — Ақжайық ауылы. Аудан Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігін алып жатыр. Климаты аса құбылмалы. Орташа ауа температурасы қаңтарда — 13-140С, шілдеде 23-240С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 200-250 мм. Ақжайық ауданының жерін Жайық өзені жарып ағады. Шалқар, Әлжансор көлдері бар

           Ақжайық ауданының жері шөлейтті белдемге жатады. Топырағы негізінен қызғылт қоңыр, сортаң болып келеді. Өсімдіктерден: селеу, бетеге, еркек шөп, көкпек, жусан т.б. өседі. Жануарлардан: негізінен қасқыр, шиебөрі, түлкі, суыр, бөкен, елік, жабайы шошқа, құстан: қаршыға, құр, үкі, қаз, үйрек, тырна т.б. мекендейді. Тұрғындарының орташа тығызд. 1 км2-ге 1,3 адамнан келеді. Ауданда май және нан зауыттары, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, жол жөндеу учаскесі, астық қабылдау пункті, тамақ комбинаты, орман шаруашылық кәсіпорны жұмыс істейді. Ауыл шаруашылық жерінің ауданы 12,8 мың га (1997), оның ішінде егістік — 14%, шабындық — 11%, жайылым — 72%. Суармалы дәнді дақылдар, картоп, көкөніс және бақша дақылдарын өсіру дамыған. Аудан тұрғындары мүйізді ірі қара, қой, ешкі, шошқа, жылқы, түйе өсірумен айналысады. Аудан жері арқылы Орал — Атырау, Чапаев — Жаңақала, Чапаев — Фурманов автомобиль жолы өтеді. Музыка, спорт мектебі, кәсіптік-техника учильище, кітапханалар, мәдениет үйлері, кинотеатрлар, аурухана т.б. бар. 1931 жылдан қазақ, орыс тілдерінде аудандық “Еңбек”, “Труд” газеттері шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

.