Қаратөбе ауданыimage

   Қаратөбе ауданы – Батыс Қазақстан облысы

Аудан облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, 1928 жылы құрылған.

Ауданның аумағы 10 мың шаршы км тең.

2006 жылдың 1 қаңтарына аудан халқы 19,6 мың адамды құрады.

Халықтың орташа тығыздығы (1 шаршы км аумақта) 2 адамды құрайды.

Аудан аумағы Каспий маңы ойпатының солтүстік-шығыс жағында орналасқан, оның негізін Нарынқұм-Аққұм шағылдары құрайды. Орталық және оңтүстік бөлігі жалпы тегістік жерлер, солтүстік те тегіс, бірақ жекелеген ойпатты жерлер кездеседі.

Аудан аумағында Қалдығайты өзені ағып жатыр (жалпы ұзындығы 242 км, аудан шегінде – 130 км). Көлдердің жалпы ауданы 36,5 шаршы км құрайды, содан тұщы көлдер – 6,8 км.

Жері қара топырақты, ашық, сортаң топырақты. Аудан аумағы өсімдік жамылғысына қарай құмды-далалық аймаққа жатады. Солтүстік-шығыс бөлігінде әртүрлі-дәнді шөптер өседі, батыс бөлігінде – бидайық-дәнді шөптер өседі.

Аудан орталығы Қаратөбе кентінде орналасқан, Аудан орталығынан Орал қаласына дейінгі қашықтық – 260 км.

Ауданда 9 поселкелік және ауылдық округтар бар.

Шаруашылықтардың негізгі бағыты – мал шаруашылығы, атап айтқанда етті ірі қара, қой және жылқы шаруашылығы дамыған. Дала шаруашылығының жем-шөп, азықтық маңызы бар.

.

 

.