Орал қаласы image

 

 

Орал қалаcы Батыс Қазақстан облысының орталығы (1932 жылдан), ірі темір жол станциясы, Жайық бойындағы өзен порты, әуе жолдарының торабы. Қала Жайық өзенінің жағасында, Шағанның Жайыққа құяр тұсында орналасқан.

  Тұрғыны 273 359 адам. Қалалық мәслихатқа қарайтынжерінің аумағы 0,7 мың км². Қалаға ірілі-ұсақты 16 елді мекенқарайды, ал жалпы халық саны 278 086 адам (2014) Бүгінгі күні Орал қаласы – Қазақстандағы ірі мәдени-эконономикалық орталықтардың бірі. Қаладағы ірі кәсіпорындар: “Зенит” зауыты, “Омега”“Металлист”, Орал механикалық зауыты, Орал арматура зауыты, Орал полипласт зауыты өндірістік кәсіпорны, “Аяз” ЖШС және республикалық мемлекеттік “Орал мемлекеттік ауыл шаруашылық стансасы” кәсіпорны. Бұлардан басқа облыстық дәрежедегі нан комбинаты, жылу, жарық, газ кәсіпорындары жұмыс істейді. Қалада 2 мәдениет үйі, 18 кітапхана, Киров саябағы, 3 музей, 2 театр, филармония, көрме залы, 46 мектеп, 3 жоғары оқу орны мен 3 бөлімше бар (2000). Сондай-ақ, 35 қазыналық емдеу мекемесі жұмыс істейді. Оралда Батыс Қазақстан темір жол жүк тасымалының Орал бөлімшесі орналасқан. Қала Жайық бойындағы ірі өзен айлағы саналады. 18 ғасырда салынған сәулет ескерткіштері сақталған.

  Кеңес өкіметі жылдарында Оралдың экономикасы жедел қарқынмен дамып, республикадағы ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналды. 1925 ж. Жайық өзені мен Орал – Атырау арасында тұрақты кеме қатынасы және 1923 ж. Орал – Елек темір жолының ашылуы қаланың экономикалық жағдайын жақсартты. Одан кейінгі жылдары (1950 – 1990). Орал қаласында ірі машина жасау және металл өңдеу, құрылыс материалдарын өңдеу, жеңіл және тамақ өндірістері, медициналық препарат зауыттары, т.б. 200-ден астам нысан салынды, көлік жүйелері дамыды.

 

.