Тасқала ауданыimage

   Тасқала ауданы - Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында орналасқан Тасқала ауданы 1933 жылы 8 қараша айында құрылды. (1996 жылға дейін Каменка).

Ауданның аумағы-806805 гектар. БҚО-сы аумағының 5,3 % құрайды. Тұрғындар саны 2007 жылы 1 қаңтарында 19,2 мың адам құрап, тығыздығы 1 шаршы метрге 2 адамнан келеді. Шекарасы Ресей Федерациясының Саратов облысы аумағымен, БҚО-ның Зеленов, Ақжайық, Казталовка аудандарымен шектесіп жатыр. Ауданның орталығы Тасқала ауылы, облыс орталығы Орал қаласынан 80 км жерде орналасқан.

Ауданның жалпы жер қыртысы тегіс. Ең биік төбесі Ешкітау (Ичка), теңіз деңгейінен биіктігі 259 метр. Бұл облыстағы ең биік нүктесі.

Ауданның гидрографиялық жүйесінде Деркөл, 1-Шежін, 2-Шежін шағын өзендері бар.

Шежін, Мереке, Қазақстан, Қосшы, селолық округтері аумағынан, Киров су қоймасынан өз бастауын алатын Жайықбай каналы өтеді.

Шежін селолық округінің аумағында «Бірқазан» атты мемлекеттік қорығы бар. Онда, су құстары мен жыртқыш аңдары мекендейді.

Құрылыс материалдары жасақталған - ақ балшық, құм және гравиі бар, ауданда 5 пайдалы кен орындары және күйдірілген, отқа тұрақты селикат тасын дайындауға арналған цемент қоспасына бай тас шығару шикі заты бар 3 кен орны ашылған.

Зерттеу барысында анықталған өндіріс әйнёгіне жарамды кварц құмы, тау тектес өндіріске пайдалы шебін. Сонымен қатар аудан аумағында көгілдір газбен мұнай қоры орналасқан жері анықталды.

Аудан, Қазақстан мен Орталық Азияны Европаның бөлігі Ресеймен жалғайтын темір жол және Орал-Саратов автокөлік трассасы бойында орналасқан.

Ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінісі келесі жағдалармен көрніс табады:

- Селолық округ-9 (Ақтау, Амангелді, Достық, Қазақстан, Тасқала, Қосшы, Мереке, Мерей, Шежін