Зеленов ауданыimage

  

 

Зеленов ауданы - Батыс Қазақстан облысы Аудан облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан, 1939 жылы құрылды, 1997 жылы аудан құрамына Приурал ауданы енді.

Ауданның жалпы көлемі - 7,4 мың шаршы шақырым.

Аудан тұрғындары 2009 жылдың 1 қаңтарына 55,2 адамды құрайды.Аудан бойынша орташа халық тығыздығы (1 шаршы шақырым аумаққа) 7,4 адамды құрайды.

Әкімшілік-аумақтық бөлінуі: 24 ауылдық округ және 77 елді мекен бар.

Аумақ бедері оңтүстігінде өзен, сайлар және құрғақ аңғарлар кесіп өтетін және солтүстігінде 100 және одан аса метр биіктікті құрайтын толқынды жондары бар (Үлкен Сырт сілемінің суайрығы) ойпат жазықтан тұрады.

Ауданның негізгі табиғи су ресурстары Шаған саласымен (116 км) Орал өзені (184км), Көшім (48км), Ембулатовқа (99 км) Рубежка (82 км), Быковка (90км) және сондай-ақ Киров бөгенімен Орал-Көшім суармалы құлақарық-суландыру жүйесі және негізінен ауданның солтүстік бөлігінде орналасқан 99 әуіт пен апандар болып табылады.

Топырағы саз бен саздақтан тұрады, кей жерлерінде құм және сор топырақ кездеседі.Солтүстігінде жері қара топырақты.

Аудан орталығы 1989 ж. құрылған Переметное кентінде орналасқан, Переметный темір жол стансасы 1894 жылы салынған. Аудан орталығынан Орал қаласына дейін -38 км.

Шаруашылықтағы негізгі бағыт - егін шаруашылығы. Егін шаруашылығымен қатар, негізінен ет-сүт бағытындағы мал шарушалығы дамыған.

Зеленов ауданы I ауылшарушылық аумаққа жатады- далалық, дән- мал шаруашылығы (облыстың солтүстік бөлігі). Бұл аумақта дәнді, майлы дақылдар, жемшөптер, қартоп және көкөніс, жеміс-жидек екпе ағаштары жинақталған. Мұнда сүтті мал шаруашылығы, шошқа және құс өсіру және ет-жүнді қой шаруашылығы жақсы дамыған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

 

.