Жәнібек ауданыimage

     Жәнібек ауданы– Батыс Қазақстан облысының батысында орналасқан әкімшілік бөлік. Жәнібек ауданы 1922 жылы құрылған. Аудан аумағы 8,2 мың шаршы шақырымға тең. Аудан халқының саны 2009 жылдың 1 мамырына 17421 адамды құрады. Халықтың тығыздығы орташа аудан бойынша (1 шаршы шақырымға) 2,1 адамды құрайды. Аудан орталығы Жәнібек ауылында орналасқан. Аудан орталығынан Орал қаласына дейінгі ара қашықтық 500 шақырым. Ауданда 9 ауылдық округ бар. Шаруашылығының негізгі бағыты мал шаруашылығы болып табылса, соның ішінде етті мал және етті-жүнді қой шаруашылығы. Мал шаруашылығымен қатар тауар өнімдерінің белгілі бөлігін егін шаруашылығы бағытындағы өнімдер құрайды.

Жәнібек ауданының 2009-2010 жылдарының әлеуметтік-экономикалық төлқұжаты

Жәнібек ауданының 2010 жылдың 1 шілдесіне әлеуметтік-экономикалық төлқұжатына түсініктеме

Аудан аумағы 8,2 мың шаршы шақырымды құрайды. Ауданда 17394 адам тұрады, алдыңғы жылдың осындай кезеңмен салыстырғанда халық саны 26 адамға азайып отыр. Аудан бойынша экономикаға белсенді араласушылар 9352 және араласпайтындар 8042. Былтырғы жылмен салыстырғанда экономикаға белсенді араласушылар 16 адамға және араласпайтындар 10 адамға ,бұл көрсеткіш ауданның халық саны азаюна байланысты. Халық құрамы өзгерген жоқ..

Ауданның әкімшілік-аумақтық құрылымы 9 ауылдық округінен тұрады және осында 20 елді мекен бар. Жергілікті өкілетті органдардың барлық депутаттар 13 соның ішінде 1 облыстық депутат ,өткен жылмен өзгерген жоқ.

 

.