KAZ | RUS

Новые книги

Новые книги

Ісімақова А. Алаш әдебиеттануы [Текст] / А. Ісімақова ; ред. Н.Мауытов ;корректор Ұ. Әлішева ; Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бағдарламасы "Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару" кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2017. - 480 б. - (Қазақ энциклопедиясы 50 жыл). Әдебиеттанушы А. Мұхаммедсерікқызы Ісімақованың бұл еңбегі ХХ ғасырдың басындағы Алаш әдебиеті мен қазақ әдебиеттану ғылымының ұлттық көркемсөз өнерін зерделеуге арналған. Онда қазақтың асыл сөзін қастерлеген ата баба мұралары қашаннан басталатындығы, Алаш әдебиеттану ұғымының қалай қалыптаскандығы жөнінде туындайтын сауалдарға жауап беріледі. Сонымен қатар кітапта Алаш ғалымдарының жалпы ғылымға қандай үлес қосқандығы, Алаш ғылыми мұрасының несімен құнды болатындығы жан жақты талданады.


Новые книги

Омарбеков Т. Қазақ мемлекеті: қағанаттар, ұлыстар мен хандықтар баяны [Мәтін] / Т. Омарбеков. - Алматы : Хантәңірі, 2017. - 342 б. : сурет. - Пайдаланған әдеб. тізімі: 329-340 б. Қазақтың белгілі тарихшысы, ғалым Талас Омарбековтің бұл жинағына қазақ халқы мемлекеттігінің негізі болып табылатын-ежелгі түркі қағанаттарының тарихы жөніндегі зерттеу еңбектері еніп отыр.Автор шығарманы жазу барысында көптеген тарихи мұрағаттар мен деректерге, мәліметтерге сүйене отырып, дәйекті пікірлер келтірді. Кітап қазақ елі тарихына қызығушылық танытатын жас зерттеушілерге, студенттер мен оқушыларға,жалпы қалың оқырман қауымға арналады.





Новые книги

 Ұлы дала елі [Текст] = Страна Великой степи = A country of the Great steppe : қазақтың әдет ғұрып, салт-дәстүрі, мерекелері, тағамдары / Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бағдарламасы "Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару" кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді. ; ред.: М. Ізімұлы, А. Мұқан ; тех. ред. С. Ақылов. - Алматы : Сардар, 2017. - 240 б. - Мәтін қазақ, орыс және ағылшын тілінде. Бұл кітапта халықтың жадында көне заманнан сақталған дәстүрлі өнерінен бастап еуропалық классикалық үлгілер, заманауи озық бағыттар кеңінен қамтылған. Дала халқы өзінде бар ата кәсіптерін, алдыңғы буынның тұрмыстық қолданыс қажетіне деп жасаған дүниелерін көркем мәдени мұралар құндылығына дейін жеткізе алған шебер де талантты халық. Кітапта ҚР жайлы мәліметтер мемлекеттік құрылымы, тарихы, табиғаты, экономикасы, әдет ғұрпы, салт дәстүрі, мәдениеті, туризмі, көрікті тарихи, табиғи жерлері және ұлттық тағамдары мен ойындары, т.б. соңғы мәліметтер бойынша берілген.


Новые книги

Қорабай С. Нәрлі тамырлар [Мәтін] : ғылыми зерттеулер мен мақалалар / С. Қорабай ; ред. Ә. Күлімбетов ; тех. ред. Н. Сүйеубекұлы ; Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бағдарламасы "Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару" кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді. - Алматы : Хантәңірі, 2017. - 342 б. Әдебиет зерттеуші С. Қорабайдың әдеби танымдық зерттеулер жинағында қазақ әдебиетінің ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихының түрлі кезендерінен терең сыр шерткен көкейтесті мәселелер мен бұрын жарияланбаған армян жазуындағы Дана Хиқар хикаясы, Құмандар кітабы сияқты ортағасырлық қыпшақ әдеби жәдігерлері туралы кеңінен сөз болады, Абайдың әдеби мектебі туралы да жаңаша пайымдалады. 


Новые книги

Әбсадықов А. Қазақ хандығы және тарихи аңыздар [Мәтін] : зерттеу мақалалар / А. Әбсадықов ; ред. Р. Бәзенқызы ; тех. ред. Н. Сүйеубекұлы ; Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бағдарламасы "Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару" кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді. - Алматы : Айғаным, 2017. - 342 б. Тарихшы ғалым А. Әбсадықовтың Қазақ хандығы және тарихи аңыздар атты зерттеу кітабына осы кезендегі тарихи оқиғалар мен ел билеген жандардың, билердің казақ жерінің біртұтастығын сақтаудағы елшеусіз кызметінің, батырлардың ерен ерліктерінің тарихи жыр аңыздарда қалай көрініс тапқаны өзек болған.