KAZ | RUS

Новые книги

Новые книги

Ісімақова А.С, Тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиеттану: Монография / А. Ісімақова.- Алматы: Қаратау КБ, 2016.- 384 б. Монографияда Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеттануының теориялық мәселелері, бүгінгі постмодернистік зерттеулер, қазіргі жамбылтану және әдебиеттанушы ғалымдар  Қ. Мұхамедханұлы, Б.Нұржекеұлының, Ж.Шаштайұлының прозасы, ақындар М.Мақатаевтың, Қ. Бегмановтың поэзиясы, сондай-ақ қазіргі әдебиет теориясының хал-ахуалы әлемдік әдебиеттану контексі тұрғысынан жаңаша қарастырылады.  Бұл кітапты қазіргі қазақ әдебиетінің тарихын, теориясын жазуда, түрлі бағдарламалар құрастыруда, ЖОО студенттеріне әдебиеттану пәнінен жүргізілетін дәрістерде, арнайы курстар мен семинарларда пайдалануға болады.


Новые книги

Нұржанова С.Ә. Жалпы және балалар психологиясы [Текст] : оқу құралы / С. Ә. Нұржанова ; ред. В. Ғайнуллина. - 2-басылым, толықт., өңд. - Астана : Фолиант, 2016. - 144 б. - (Кәсіптік білім). - Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына ұсынады. Оқу құралы мазмұны Жалпы психология, Балалар психологиясы пәнідері бойынша дәріс материалдарына сәйкес келетін машықтану сабақтарынан психологиялық тапсырмалардан психологиялық құбылыстардың мәнін түсінуге мүмкіндік беретін жаттығулар мен тестілерден қайталау және бекіту сұрақтарынан тұрады. Оқу құралы мазмұнына психологияның жалпы мәселелері психикалық үрдістер қалыптар мен қасиеттер жас ерекшеліктер психологиясы бойынша теориялық материалдар енгізілген.


Новые книги

Ойсылбай, А.Ахмет Байтұрсынұлының "Әдебиет танытқышындағы" сөз өнері мен поэтика мәселелері [Мәтін]: Монография / Айсұлу Ойсылбай; Жауапты ред. Дәурен Бақдәулетұлы Мұхамадиев.- Алматы: Қаратау КБ; Дәстүр, 2016.- 288 б. Кітапта А. Байтұрсынұлының Әдебиет танытқышы қазақ тіліндегі тұңғыш әдебиет теориясы ретінде әлімдік әдебиеттану контексінде тәуелсіздік кезең тұрғысынан жаңаша қарастырылды.



Новые книги

Абасилов, А. Әлеуметтік лингвистика [Мәтін]: Оқу құралы / Аман Абасилов.- Алматы: Palitra Press, 2016.- 250 б. Сөздікте тіл білімінің жаңа бір саласы әлеуметтік лингвистиканың өзекті мәселелеріне, өзіндік ұғым, түсініктері мен негізгі терминдеріне түсінік беріледі. Мұнда сондай-ақ тіл ғылымы туралы, тілдің табиғаты, даму заңдары, салалары, әлем тілдері туралы қысқаша мәліметтер беріледі. 




Новые книги

Исабаев И. Жанымды сыйладым халқыма.-Алматы: Асыл сөз.-2016.-240 б.қазақша, орысша, ағылшынша. Альбом танымал қазақ график – суретшісі И.Исабаевтың шығармашылығына арналған. Басылымда суретшінің көркем туындыларымен бірге, оның шығармашылық табиғаты жайлы терең ой – толғамдары берілген.