KAZ | RUS

Новые книги

Новые книги

Қазақ тарихындағы әйелдер: Танымдық жинақ / Құраст. С. Қорабай.- Алматы: Айғаным, 2016.- 148 б.- (Ұлы даланың дара тұлғалары). Жинақта қазақ даласында өмір сүрген, өздерінің көрегендегімен, ақылдылығымен, ерлігімен халықтың ықыласына бөленген Ұмай ана, Томирис, Зарина, Қарашаш сұлумен қоса ел ішінде көп атала бермейтін Марау ана, Зеріп ана, Бақтықыз, Ырысты ақындармен басқа да аналарымыз жайлы қысқа-қайырымды баяндалады.Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аналарымыздың тапқырлығы, парасаттылығы барша әйел қауымына үлгі-өнеге ретінде мұра болмақ.


Новые книги

Пурди, Э. Шаг вперед [Текст] : история девушки, которая, потеряв ноги, научилась танцевать / Э. Пурди, М. Берфорд. - Москва : Издательство "Э", 2016. - 320 с. - (Проект TRUESTORY. Книги, которые вдохновляют). С детства Эми мечтала о славе и путешествиях. Ей всегда казалось, что она рождена для чего-то большего, чем размеренная скучная жизнь в пригороде. Могла ли девушка хотя бы предположить, что все ее мечты: актерская карьера, Олимпиада, съемки для глянцевых журналов, ток-шоу на телевидении и совместные проекты с Мадонной и Опрой Уинфри – все это обязательно сбудется, но только после того как... она лишится обеих ног.


Новые книги

Тілешов, Е. Қайнар [Мәтін]: Мақалалар, сұхбаттар / Ербол Тілешов.- Алматы: ЖК Айдаргазин Е.С, 2016.- 376б. Жинаққа автордың әр жылдары жазылған мақалалары және сұхбаттары енгізілді. Кітапқа енген еңбектер тіл, әдебиет және Алаш қозғалысы тақырыптарын қамтиды. Кітап ұлт руханияты қызықтыратын оқырман қауымға арналады.




Новые книги

Шайдаров М. ,Ахметов М. Анықтамалық сөздік (латынша-орысша-қазақша). Словарь-справочник (латинско-русско-казахский).Шайдаров М.,Ахметов М.-Астана:2015.-479 бет. Анықтамалық сөздікте латын тілінің алфавиті, фонетикасы, дауыссыз дыбыстардың айтылуы, кейбір дифтонгілердің оқылуы, латын тілінің грамматикалық құрылымы туралы қысқаша мәлімет берілген. Анықтамалық сөздікке латын тіліндегі 10000-ға жуық сөз бен сөз тіркестері енгізілген. 



Новые книги

Балқияұлы Н. Өткеннен ертеңге [Текст] : мақалалар / Н. Балқияұлы. - Алматы : Каратау КБ : Дәстүр, 2016. - 384 б. Белгілі қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, қаламгер Нұридің Балқияұлы өзі жүріп өткен өмірге терең бойлап, әр түрлі тақырыптарда көңілге тоқыған ойларын ортаға салады. Жинақтың – Ағалар соқпағы, Түркістан топырағында, ел болашағы білікті маман қолында, тоғысқан толқындар деген бөлімдері – еліміздің өткенімен шектелмей, ертеңгі күнге, болашаққа деген үлкен сеніммен, жастарымызға тәлім- тәрбие мен  олардың келешекте игеріп шығатын мамандығына сай азамат болып, ел экономикасын көтеру қажеттігін алашқа әйгілі ғалымдар мен халқымыздың аяулы перзенттерінің тағдырынан мөлтек сыр шерту арқылы көз жеткізеді. Кітап көпшілік оқырманға арналған.