KAZ | RUS

Новые книги

Новые книги

Пірәлі Г. Кітапхана: Жазушы мұражайындағы кітаптар әлемі [Мәтін] / Алматы: «Дәстүр», 2016 .- 384 бет. Қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезовтің кітапханасы қазақ әдебиеттану ғылымы мен библиографиясында, кітаптану ісінде тұңғыш рет жүйеленіп,зерттеліп, бір ізге түсіріліп, белгілер анықталып, бүкіл басылымдар тізімінің библиографиялық сипаттамасы жасалынды. Кітапта суреткердің оқыған кітаптарының жақтауларына жазған ойлары, сөздері, өзге де символдық белгілері сипатталады. Бұрын жарияланбаған көптеген әдеби, ғылыми, тарихи мәліметтер оқырман қауымының қызығушылығын арттырады. Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.


Новые книги

Сүлейменов О.О.   Шығармалар жинағы. 1- том. [Мәтін] Өлеңдер /Алматы: «Олжас кітапханасы», 2016.-448 бет.  Ұсынылып отырған көп томдық шығармалар жинағында ақынның әр жылдары жазылған ең белгілі туындылары – өлеңдер, публицистика мен поэмалары, тіл, әдебиет туралы толғамдары, сұхбаттары мен мақалалары, және  танымал кітабы «АЗ и Я» енген. Бұл шығармалар О.Сүлейменовтың 80-жылдығына орай дайындалған. Шығармалар интелектуалды оқырмандарға, ұлы сөз бен ақиқат поэзияның қадірін білетіндерге арналған.


Новые книги

Кәрібаев Б.Қазақ хандығының күшеюі(XVғ. соңғы   - XVIғ. Алғашқы ширектері)[Мәтін]Монография/Алматы: «Сардар», 2016.-176 бет. Монографияда XV ғасырдың  соңғы және XVI ғасырдың  алғашқы ширектері аралығында Қазақ хандығының Мауреннахр билеушілерімен Түркістан аймағы үшін жүргізген күрестерінің себептері ,күрестің барысы мен кезеңдері және қорытындылары жазба дерек мәліметтері, археологиялық материалдар негізінде қарастырылды. Монография қоғамтанушыларға, тарихшыларға, жоғары оқу  орындары студенттеріне, магистрлеріне, докторанттарға және қазақ елінің тарихына қызығушылықпен қарайтын қалың оқырмандарға арналған.


Новые книги

Байғұт М. Таңдамалы шығармалар 1 том. [Мәтін] Әңгімелер/ Алматы: « Керемет медиа», 2016.- 320 бет. Бірінші томға «Интернаттың баласы», «Патефон», «Күн астында Күнекей қыз», «Жалбыздың жағасында» атты оқырман ықыласына бөленген әңгімелері еніп отыр. Кітап көпшілік оқырмандарға арналады. 




Новые книги

Хангелдин, С. Керуен [Мәтін]: Әр жылғы жазбалар / Садықбек Хангелдин.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2016.- 352б. Ақын Садықбек Хангелдиннің «Керуен» атты осы кітабына  тұңғыш қалам ұстаған сонау шұғылалы студент шағынан бастап кейінгі жылдарға дейін әр кезде жазған әңгіме, очерк,  өлеңдермен қатар, мақала, зерттеулері де енгізіліп отыр. Кітапта сөз негізінен әдебиет пен өнер төңірегінде өрбиді. Сондай-ақ саясат пен спорт тақырыбында қаламгер назарынан тыс қалған кейбір хаттар мен авторлық толғамдарға ақынның жанын тербеген жайытта, кісілік келбетте көркем тілмен өріліп отырады. Кітапта Садықбектің орыс тілінде қалам салған ойларында бой көрсетеді.  Жинақ ақынның замандастары жайлы, өз дәуірінің өзекті мәселелері, әдебиетіміз бен өнеріміздің өзі білетін өкілдері жөнінде иерімді толғаныстардан тұрады. Осы болмысыменен кітап оқырмандарының зердесіне зәредей болсада ұшқын түсіріп, сезімін қозғар деп сенемін.