KAZ | RUS

Новые книги

Новые книги

Байбақұлы, О. Желқайық [Мәтін]: Өлеңдер / Оразбай Байбақұлы.- Алматы: Айғаным, 2016.- 190б.  Ақын О.Байбақұлының бұл жинағына азаматтық, әуенге толы адамгершілік, парасат, адалдық, өткен мен бүгіннің сабақтастығы жайлы шынайы да сыршыл, автордың өр мінезін аңғартатын өлең – жырлары еніп отыр.




Новые книги

Даумов, С.Соңғы парыз [Мәтін]: Естелiктер / Сатыбалды Даумов.- Алматы: Хантәңірі, 2016.- 286б.  Қазақ журналистикасы мен әдебиетінде өзіндік орны бар табиғатынан ерен жаратылған қаламгер С.Даумовтың бұл жинағы өмірлік қосағы Ғаббасова Асылғаным мен перзенттері Нұрлан, Өркен және Алмастың құрастыруымен шығып отыр. Кітап жазушының жарияланбаған дүниелері мен көзкөргендердің естеліктерінен, сондай-ақ қаламгердің мерейтойларында айтылған лебіздерден тұрады.


Новые книги

Жабаев, Ж.Шығармалары. Төрт томдық [Мәтін]. 1-том. Өлеңдер мен айтыстар: 1917 жылға дейінгі өлеңдері мен айтыстары / Жамбыл Жабаев.- Алматы: Айғаным, 2016.- 286б. Бұл жинақта авторлық ауызша поэзияның алып тұлғасы – Жамбыл Жабаевтың әр жанрдағы шығармалары іріктеліп енгізілді.




Новые книги

Ахметчин, Ғ. Күндіз жұлдыз көрінсе [Мәтін]: Сықақ әңгімелер / Ғұмар Ахметчин.- Алматы: Каратау КБ; Дәстүр, 2016.- 384б. Қаламгер Ғұмар  Ахметчин «Жалын» және «Елорда» баспаларынан шыққан «Қолды болған қораз», «Көзілдіріктің кесірі», «Көзі сынық тебен», «Ұмытшақтық зобалаңы» атты сатиралық кітаптардың авторы. Автордың «Күндіз жұлдыз көрінсе» атты бұл сықақ әңгімелері мен өлеңдері көпшілік оқырмандарға арналған. 



Новые книги

Әбілқайыр, Қ. Тырнақшаның ішіндегі әңгіме [Мәтін]: Әңгімелер / Қанағат Әбілқайыр.- Алматы: Қаратау КБ; Дәстүр, 2016.- 288б. Жазушының «Тырнақшаның  ішіндегі әңгіме» атты кітабына қоғамның дамуына кедергі болған түрлі оқиғаларды, елдікке, бірлікке сызат түсіретін келеңсіздіктерді, әр саладағы олқылықтар мен ақсап жатқан тұстарды, адам бойындағы жағымсыз әрекеттер мен мінездерді сынға алған туындылары енген. Әр әңгімені оқи отырып, сіз өз заманыңызды танисыз, айналаңыздан әлі де  бір жүйеге түспеген көптеген кем-кетікті байқайсыз.