KAZ | RUS

Новые книги

Новые книги

Әймен, И. Мәңгілік менің махаббатым [Мәтін]: Лирикалық баян-хикаяттар, повестер, әңгіме-новеллалар / Игілік Әймен.- Алматы: Қаратау КБ; Дәстүр, 2016.- 384б. Дүниеде қай-бір нәрсе де екі жақты. Ақ – қара; ащы-тәтті; жаман – жақсы; күн – түн... Сайтан – Періште... Алла тағала өзі осылай етіп жаратқан. Неге? Сол – Ұлық  Сыны үшін!  Ертеңгі «һақиқи сұрауы» үшін. «Махаббат пен ғадауат.» Махаббат немесе Сүю дегеніміз: Жану – Күю де. Жана, күйе білген ғана – шын сүйе біледі, сағына біледі. Міне, автордың түп қазық концепциясы осы.


Новые книги

Исәділ, А.Бір тамшы... [Мәтін]: Өлеңдер / Алмат Исәділ.- Алматы: Қаратау КБ; Дәстүр, 2016.- 296б. Ақын-аудармашы Алмат Исәділдің бұл кітабына әр жылдары жазылған дәуір тынысы, табиғат тылсымы, сезімдер арпалысы, адамзат тағдыры, кеңістік пен уақыт жайлы сыр шертетін жырлары топтастырылған. Кітапқа бүгінгі заманның шындығын  ашуға ұмтылған шығармашылық иесінің  ізденістері арқау болған. Ұлттық бояумен көмкерілген ақын шығармаларының тақырыбы ауқымды, айтары анық, ойы терең.