Ғұсманов Қуанышқали Қабдошұлы 1936 жылы 1 шілдеде Бөрлі ауданы, Бумакөл ауылында, Тельман атындағы колхоздың Жәнібек селолық советінде, қазіргі Бумакөл селолық округінде дүниеге келген. Бөрлі жетіжылдық мектебін бітіргеннен кейін, Орал педагогикалық училищесін 1952 – 1956 ж.ж бітіріп, Бесағаш кейін Бумакөл бастауыш мектебінде 1956-1961 жылдарда меңгеруші, әрі мұғалім болып қызмет атқарады.
1962-1963 жылдары Бөрлі, Шыңғырлау ауданаралық «Коммунизм жолы» газетінде меншікті тілшісі, Бумакөл орталау мектебінде оқу меңгерушісі, 1966-1984 жылдары Жымпиты ауданы, «Қызыл ту» газетінің Қаратөбе, Шыңғырлау, Жымпиты аудандары бойынша меншікті тілші болып жұмыс жасайды.
1984 жылдан 1993 жылдан 1993 жылдың маусымына дейін Қаратөбе аудандық «Еңбек туы» газетінің редакторы және аудандық партия комитетінің мүшесі, аудандық советтің депутаты.
1993-1994 жылдары Бөрлі аудандық «Достық үні» газетінің редакторы, 1994 жылы мамыр айынан бастап «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести» газетінің редакторының орынбасары қызметінде болып, 1996 жылдан бері құрметті демалыста. Қуанышқали Қабдошұлы Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі.
Қаламдас ағамыз 1997 жылы зейнет демалысына шықса да, аудандық, облыстық газеттерден қол үзбей, ел тарихы, жер-су атаулары, аудан өмірі, «Еңбек ардагері», «Қазақ мұнайына – 100 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығы», «Бөрлі ауданының 75 жылдығы», «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды.
Әдебиеттер:
Ғұсманов Қ. Бүмакөлім – тал бесігім // Бөрлі жаршысы. – 2006. – Б. 40.
Ғұсманов Қ. Әнші Мұхиттың өнер дарыған тікелей ұрпағы // Бөрлі жаршысы. – 2007. – 16 шілде. – Б.8.
Ғұсманов Қ. Ауданым менің мақтанышым // Бөрлі жаршысы. – 2008. – 6 маусым. – Б.6.
Ғұсманов Қ. Өмірін өнермен өрнектеген // Бөрлі жаршысы. – 2008. – 8 тамыз. – Б.6.
Ғұсманов Қ. Тарих қойнауынан сыр // Бөрлі жаршысы. – 2009. – 6 мамыр. – Б.2.
Ғұсманов Қ. Бумакөлдік боздақтар // Бөрлі жаршысы. – 2010. – 30 сәуір. – Б.6.
Ғұсманов Қ. Құлпытастар тағдыры: мәдени ескерткіштер айтайын деп айтпайсың // Жас Алаш. – 2015. – 8 қазан. – Б.4.
*****
Ғұсманов Қуанышқали Қабдошұлы: өмірдерек // Ел тұлғалары. – Алматы: Арыс, 2011. –Б.96.
Ғұсманов Қуанышқали Қабдошұлы: өмірдерек // Бөрлі ауданы: энциклопедия. – Ақсай: «Бөрлі жаршысы» баспасы, 2006. – Б.72.