Құсайынов Дәулеткерей Атауұлы 1965 жылы Жәнібек ауданы, Ақоба ауылында дүниеге келген. Он жылдықты бітірген соң, аудандық газетке қызметке кіріп, әскери міндетін өтеп келгенсін де, осы қара шаңырақта 10 жыл қызмет етті.
Бала жасынан өлең жазумен айналысқан ол, газет жұмысында жүріпте өлеңнен қол үзген жоқ.
Өлеңдері жергілікті және облыстық басылымдарда жиі-жиі беріліп, оқырманымен қауышқан. Сонымен қатар аудандық айтысқада қатысып ақындық өнерін шыңдап жүрді.
Қазақтың қара өлеңінде өзіндік ізі бар ақын, журналист Дәулеткерей Атауұлы өнер майталмандары Ш.Қажығалиев, Қ.Ахмедияров, А.Жайымов. Т. Шамеловтардың алдында өз өнерін көрсетіп, баталарын алған белгілі домбырашы.
1982 жылы Құрманғазының еске алу байқауында және Алматыда университет қабырғасында жүріп күйшілер сайысына қатысып 1-ші жүлделі орынды жеңіп алған ол 2000 жылы Дәулеткерей атындағы Республикалық домбырашылар байқауына да қатысып өзінің өнерге деген сүйіспеншілігін білдірді.
1993 жылдан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі. “Жәнібек сазы” фольклорлық халықтық ансамбілінің белді мүшесі
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.
2005 жылы алуан тақырыптағы өлеңдері, мысалы мен аудармалары енген “Көңіл дейтін арғымақ” жинағы жарық көрді.
Басылым беттерінде жер мен елдің тарихы, ондағы белгілі адамдар өмірлері, ел арасынан естіп ойға түйген деректер негізінде жазылған мақалалары да жиі жарияланып келеді.
2008 жылы Астананың 10 жылдығына, Нұр Отан халықтық демократиялық партиясының құрылғанына 10 жыл толуына және
2009 жыл қорытындысы бойынша облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың Алғыс хаттарымен, «Ғарифолла Құрманғалиевтің – 100 жылдығы» атындағы медальмен марапатталды.
2011 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне-20 жыл» мерекелік медаліне ие болды. Облыстық әкімшілік аппараты жанында жауапты қызмет атқарады.

Әдебиеттер:

Құсайынов Д. Ел намысын жаныған екі ұжым. Жалғыздық: И. В. Чередниченко өлеңдерінен аударма // Шұғыла. – 2003. – 8 қазан. – Б. 2.
Құсайынов Д. Өнермен өзектес өмір: күйші Б. Аюпов туралы // Шұғыла. – 2004. –
10 желтоқсан. – Б.3.
Құсайынов Д. Көршілер: баллада // Шұғыла. – 2007. – 8 наурыз.
Құсайынов Д. Толғау. Мұсылмандық: баллада // Шұғыла.- 2007. – 14желтоқсан. – Б. 4.
Құсайынов Д. Аптаның күндері туралы: ой толғау // Шұғыла. – 2008. – 25 қаңтар.
Құсайынов Д. Ақырзаман туралы түсінігім: ойға келген пікірлері // Шұғыла. – 2008. -14 наурыз.
Құсайынов Д. Ахмади сері: Х. Өтеғалиеваның құдасы,жерлес Ахмади сері туралы // Шұғыла. – 2008. – 22 наурыз.
Құсайынов Д. Мәриям туралы ән: ой- толғау // Шұғыла. – 2008. – 15 ақпан.
Құсайынов Д. Меңзер // Шұғыла. – 2008. – 7 қараша. – Б.3.
Құсайынов Д. Тәни деген кім?: Ұзынкөл мен Ақоба арасындағы жер атауы туралы // Шұғыла. – 2008. – 18 қаңтар.
Құсайынов Д. Ұстаздардың ұстазы: ұстаз София Тұрғалиева туралы // Шұғыла. – 2008. – 10 қазан. – Б. 2.
Құсайынов Д. Хатқа түскен жоғалмас: ойға келген пікірлері // Шұғыла. – 2008. – 18 қаңтар.
Құсайынов Д. Күйші мұраты: домбырашы Жәдігер Мұстафин туралы // Орал өңірі. – 2009. – 6 тамыз. – Б.15.
Құсайынов Д. Бресттегі жәнібектік жауынгер: баллада жерлес жауынгер Міржақып Нигматуллин туралы // Шұғыла. – 2010. – 9 мамыр. – Б. 4-5.

*****

Есіркепов А. Медальмен марапатталды: журналист, ақын, дүлдүл домбырашы Д.Құсайновтың марапатталуы // Шұғыла. – 2009. – 25 қыркүйек.
Құсайын Т. Көңілде – перне, көкейде – терме: күйші Дәулеткерей Құсайынов туралы // Егемен Қазақстан. – 2013. – 1 наурыз. – Б.10.
Шүйіншалиева М. Жылды жақсылықпен жалғастырып, жаңа міндеттер жүктеді // Жайық үні. – 17 ақпан. – 2011. – Б. 2.