Айсұлу Қадырбаева 1950 жылдың 21 қарашасында Қаратөбе ауданының Қоскөл ауылында дүниеге келген.Қаратөбе орта мектебін бітіре салысымен ол Алматы қаласындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түседі.
Қадырбаева Айсұлу 1972-1984 жылдары «Жазушы» баспасында жұмыс істейді.Ал 1984-1990 жылдар аралығында Қазақ радиосының меншікті тілшісі, халықаралық «қазақ тілі» қоғамы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрайымы қызметін атқарды.
1990-1994 жылдары Айсұлу Қадырбаева республикалық азаматтық «Азат» қозғалысының мүшесі болды.
Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері Айсұлу Қадырбаеваның өлеңдері Қазақстан мен Туркия баспасынан жарық көрді. «Айту парыз»(1996), «Ақ мама»(1997), «Барып қайт,балам ауылға»(1998), «Иманға жүгін ,ей пенде»(2000) жинақтары баршаға кеңінен танымал.
Әдебиеттер:
Қадырбаева А. Барып қайт, балам, ауылға: өлеңдер. – Алматы, 1998. – 140 б.
Қадырбаева А. Иманға жүгін, ей, пенде!: рухани, философиялық, тарихи һәм
публицистік толғау. – Ақтөбе, 2000. – 86 б.
Қадырбаева А. Парыз: толғаулар, дастандар, өлеңдер. – Алматы, 2001. – 192 б.
Қадырбаева А. Шың-Құз: дастандар, толғаулар, өлеңдер, проза. – Алматы: Қазығұрт, 2015. – 400 б.
Қадырбаева А. Бабалар рухына тағзым: поэзия, жыр толғау. -Алматы: Арыс, 2018. – 301 б.
*****
Қадырбаева Айсұлу: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. – Алматы, 2002. – Б.333.
Қадырбаева Айсұлу: өмірдерек // Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст.: С.Қамшегер, Қ. Жұмашева. – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. – Б.215.
Қадырбаева А. Қан төгіссіз жеткен жеңіс: жазушы, қоғам қайраткері Айсұлу Қадырбаевамен сұхбат // Жайық үні. – 2015. – 2 маусым. – Б. 14 – 15.