Қайырғазы Имашев 1924 жылы Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданының Құрманкөл ауылында дүниеге келген. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, наурыз айынан бастап соғысқа қатысты. 110-гвардиялық атқыштар полкінің құрамындағы барлаушылар бөлімшесінің командирі, сержант Қайырғазы Имашев Орталық, Беларусь, 2-Беларусь майдандарындағы ұрыстарға қатысты.
Көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін ол 3 Даңқ орденінің толық 3 дәрежесімен марапатталды. Соғыстан кейін Қайырғазы Имашев Саратов облысының Озинки станциясында тұрды, кірпіш зауытында жұмыс істеді.
Қайтыс болғаннан кейін батырдың аты Озинки станциясындағы және Казталов кентіндегі көшелерге берілді.
Әдебиеттер тiзiмi
1985 жыл
1.Сейтақов Ғ. Гвардия сержанты: Қайырғазы Имашев // Орал өңірі.-1985.-29
мамыр.
2005 жыл
2.Имашев Қайырғазы: өмірдерек // Ақжайық ақберендері.-2005.-Алматы: Өлке, 2005.-50 б.
2010 жыл
3.Имашев Қайырғазы: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.- Алматы: Арыс, 2010.-305 б.
4.Имашев Қайырғазы: өмірдерек // Жеңімпаздар-Победители.-Орал, 2010.-51 б.