2016 жылы кітапханада Қоғаммен байланыс және көпшілік жұмыс секторы ашылды. Секторда сектор жетекшісі, 2 кітапханашы жұмыс атқарады. Сектор жыл сайын 250-ден аса мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізеді.

Сектор көпшілік іс – шараның жоғарғы деңгейде өтуіне облыс, қала мекемелерімен байланыс жасауға, серіктестік құруға міндетті. Кітапхана қызметін жарнамалауға, қоғамның көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға қызмет жасайды. Сектор жанында «Темірқазық» жастардың танымдық пікірталас клубы және «Оқитын қала», «Оқитын автобус» жобалары бар.

«Темірқазық» жастардың пікірталас клубының мақсаты – жастардың басын бір арнаға тоғыстыру, пікірлесу, өз ойларын айту және қортындысын шығара білуге шыңдау, бос уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беру. Клубтың 3 бағыты бар: ой – пікір алмасу, көркем шығармашылық, мәдени-танымдық.

Сектор қызметкерлері кітапханадан тыс жерлерде, атап айтсақ, қаламыздың жоғары және орта оқу орындарында, мектептерде, лицейлерде, әскери бөлімшелерде әрдайым түрлі тақырыпта шаралар ұйымдастырады. Сектор белгілі бір жоспармен ғана емес, жоспардан тыс іс-шараларды өткізуді дәстүрге айналдырған. Сектор қызметкерлері іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне бар ынта-жігерлерін салып, жаңашыл форматтағы шараларды жүзеге асыру жолында ауқымды жұмыстар атқаруда. Сектордың негізгі жұмысы кітапхананы, кітап қорын насихаттау, кітап оқуға жас ұрпақты ынталандыру болғандықтан, осы орайда жастармен көптеген істер жасалады. Іс-шараларға қатысушылардың негізгі бөлігін зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, ақын-жазушылар, БАҚ өкілдері, студенттер, оқушылар құрайды.

Бөлім меңгерушісі: Нуфтуллина Аягүл Рухоллақызы
Телефон: 8(7112)50 75 49