Ақын Талап Таймасұлы 1965 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Мұхит (бұрынғы Саралжын) ауылында дүниеге келген.
1991 жылы Орал педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 2002 жылы облыста тұңғыш рет «Ақберен» жас ақындар мектебін ашқан.
2003 жылдан Батыс Қазақстан гуманитарлық Академиясының қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы. «Әдебиет сабақтарында жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын ұштастыра, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу», «Әдебиет сабақтарында көрнекіліктерді тиімді пайдалану» сияқты көмекші әдістемелік құралдары, ежелгі дәуір әдебиеті, халық ауыз әдебиеті, абайтану жұмыстары бойынша жинақтары және «Өмір бұлақ», «Ақиқат айнасы» атты өлеңдер топтамасы жарыққа шықты.

Әдебиеттер:

Таймасұлы Т. Өмір-бұлақ: өлеңдер жинағы. – Орал: Полиграфсервис, 2004. – 200 б.
Таймасұлы Т. Әдебиетті оқыту әдістемесі: әдістемелік оқу құралы / бас ред. Б. Ө. Жексенғалиев; жауапты ред. С. С. Жүсіпов; Баспаға Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының ғылыми кеңесі мен оқу-әдістемелік бөлімі ұсынған. – Орал: Ағартушы, 2012. – 196 б.
Таймасұлы Т. Жайықтың жыр жампозы: Ж. Набиуллиннің шығармашылығын зерттеу: монография. – Орал: Ағартушы, 2012. – 230 б.
Таймасұлы Т. Ақиқат айнасы. – Алматы: Таңбалы, 2015. – 176 б.
Таймасұлы Т. Жанардағы жарық күн. – Алматы: Таңбалы, 2015. – 172 б.
Таймасұлы Т. Ақ кептер: балаларға арналған өлеңдер жинағы / алғысөз жазған А. А. Акбулатов; тех. ред. М. Қуанышев. – Орал: QUANYSH, 2017. – 108 б.
Таймасұлы Т. Алшы: балаларға арналған кітап / пікір жазған А. Абдульманов ; тех. ред. М. Қуанышев. – Орал: QUANYSH, 2017. – 102 б.
Таймасұлы Т. Бала тілі және этномәденитаным: кіші жастағы балаларға арналған оқу әдістемелік танымдық құрал / пікір берген: М. Б. Сабыр, Р. С. Кенжекова; тех. ред. М. Қуанышев; Баспаға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған. 1 кітап. – Орал: QUANYSH. – 2017.- 106 б.
Таймасұлы Т. Бала тілі және этномәденитаным: кіші жастағы балаларға арналған оқу әдістемелік, танымдық құрал / пікір берген: М. Б. Сабыр, Р. С. Кенжекова; Баспаға Батыс Қазақстаинновациялық-технологиялық университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған. 2 кітап. – Орал: QUANYSH. – 2017. – 100 б.