Өлкетану әдебиеттері бөлімі
2006 жылдан бастап Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында өлкетану әдебиеттері бөлімі (ӨӘБ) ашылды.;
Бөлім қызметінің басты бағыттары:
- ақпараттық ресурсты кеңейту мақсатындағы зерттеу жұмыстарын жүргізеді;
- әртүрлі тақырыпта өлкелік библиографиялық басылымдар шығарады;
- «Батыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтетін және еске алынатын күндер тізбегі» ұсыныстық көрсеткішін шығарады.
- облыстағы барлық кітапханалар мен басқа да мекемелерге өлкетану мазмұнындағы сұрақтар бойынша әдістемелік және кеңестік көмек береді;
Өлкетану әдебиеттері бөлімінің ақпараттық ресурстары:
Өлкетану қоры әмбебап және өлке туралы 4,0 мың данаға тарта кітаптар мен құжаттарды құрайды; оның 400 данасы электронды тасымалдаушы .
Қор құрамы бойынша ұсынылады:
- жергілікті мерзімді басылымдар;
- өлкетану бағытындағы авторефераттар, диссертациялар;
- төңкеріс кезеңіне дейінгі әдебиеттер;
- Орал облысының мекенжай күнтізбеліктері мен естелік кітапшалар;
- облыс туралы шолулар, есептер, статистикалық анықтамалар;
- «Орал әскери ведомоствосы» газеті;
Бөлімнің анықтамалық-библиографиялық аппараты:
- өлке жайында анықтамалар, сөздіктер, энциклопедиялар;
- өлкелік картотека ( өлке жайында 70,0 мыңнан астам библиографиялық кітап жазбалары, газет-журнал мақалалары);
- айрықша және белгілі күнтізбелердің хронологиялық картотекасы;
- орындалған анықтамалардың мұрағаттары;
- қазақ және орыс тілдерінде «Батыс Қазақстан облысы» дерекқор жиынтығы;
- «Заңгер» электронды анықтамалық-құқықтық жүйесі;
Бөлім меңгерушісі: Ирғалиева Сәуле Сағынтайқызы
Телефон: 8(7112)50 76 90